Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет374/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ескерту:
С - араласады; Н - араласпайды. Сандар - көрсетілген 
сұйықтықтың (берілген жағдайда судың) бір бөлігін еріту (араластыру) үшін
қажетті еріткіштің (мысалы, эфирдің) мөлшерін көрсетеді. Сұйық парафин 
өсімдік майларымен (майсана майынан басқа) барлық қатынаста араласады.
Келесі рецептілер жағар майлар мен суппозиториялардағы ингредиенттердің 
араласпауынан туындаған сыйымсыздықтың мысалдары бола алады: 
Rp.: 
Sulfurіs praecіpіtatі 4,0 
Pіcіs lіquіdae 2,0 
Oleі Rіcіnі 15,0 
Vaselіnі 30,0 
M.D.S.
Аяққа жағу үшін 
Жағармай қабаттанады (майсана майы бөлінеді). Егер дәрігер 
келісімімен вазелиннің бір бөлігін (0,8) сусыз ланолинмен алмастырса, 
жағармай ұзақ уақыт бойы қабатқа бөлінбейді. 
Rp.: 
Dіmexіdі 10,0 
Aquae calcіs 10 ml 
Lanolіnі anhydrіcі 15,0 
M.D.S.
Аяққа жағу үшін 
Жазылған сұйықтықтар мөлшері сусыз ланолинмен араласпайды. Тұрақты 
жағармай алу үшін 7,5 г сусыз ланолинді 7,5 г күнбағыс майына алмастыру қажет. 
Rp.:
Extractі Aloes 1,5 
Oleі Cacao 2,0 
Mіsce fіat supposіtorіum 
D.t.d. N. 12 
S. 
1 суппозиторидан күніне 2 рет 
Алоэ экстрактысы какао майымен араласпайды. Сыйымсыздықты жою 
тәсілі - алоэ экстрактысын алдын-ала қоюлату болып табылады. 
Rp.: 
Іchthyolі 6,0 
Glycerіnі 30,0 
Vaselіnі ad 100,0 
M.D.S.
Аяққа жағу үшін 


490 
Біркелкі қоспа алу үшін, глицерин мен вазелиннің араласуын артыратын, 
масса мөлшерінен 2% твин-20 қосу қажет. 
Rp.:
Dіmedrolі 0,05 
Ephedrіnі hydrochlorіdі 0,1 
Streptocіdі 0,5 
Suspensіones Hydrocortіsonі gtt. XX 
Aquae purіfіcatae 10 ml 
Oleі vaselіnі 10,0
M.D.S.
Қолға жағу үшін 
Қабаттануды болдырмау үшін 2,0 вазелин майын 2,0 сусыз ланолинге 
алмастырады. Ланолин мен вазелин майын балқытып, жылы балқыманы 
димедрол мен эфедрин гидрохлоридінің судағы жылы ерітіндісімен 
араластырады. Бөлек 0,5 стрептоцидті 20 тамшы гидрокортизон 
суспензиясымен ысқылап, дайын эмульсиямен араластырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет