Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет375/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Химиялық сыйымсыздық. 
Химиялық сыйымсыздықтың негізгі 
түрлеріне ерімейтін немесе аз еритін қосылыстар түзу, органикалық заттар 
гидролизі, газдар түзу, тотығу-тотықсыздану реакциялары жатады.
Тұнбалардың түзілуі. 
Сұйық дәрілік түрлерде тұнбалардың түзілу 
себептері болып әртүрлі химиялық процестер (нейтралдау, алмасу, тотығу-
тотықсыздану) табылады. Тұнба түзе отырып, химиялық әрекеттесу 
реакцияларына түсетін көптеген дәрілік заттарды құрылысы бойынша, 
оларды күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздарына, күшті негіз және күшті 
қышқыл тұздарына, сонымен қатар, ауыр және жерсілтілі металдар 
қосылыстарына жатқызады. 
Органикалық әлсіз негіздер тұнбалары. 
Әлсіз негіз және күшті 
қышқыл тұздары тек қышқыл ортада тұрақты. 32 кестеде құрамында азоты 
бар жасанды негіздердің және акалоидтардың суда ерігіштігі, ал 33 кестеде - 
осы заттардың тұну процесіндегі рН мәні көрсетілген. 
Сілті ортаға, әсіресе, морфин, атропин, папаверин, димедрол, дибазол 
тұздары сезімтал. Папаверин суда ериді (1:50000), ол сілті реакциялы 
заттармен бірігіп тұнбаға оңай түседі. Кодеин негізі суда ериді (1:150), 
сондықтан, сілтілермен бірігіп, бөлінген негіз ериді және тұнба түзілмейді. 
Сілтілермен, сонымен қатар, пилокарпин, термопсин, эфедрин негіздері де 
суда жақсы ерігендіктен тұнбаға түспейді. 
Кесте 33 
Алкалоидтар мен құрамында азоты бар жасанды негіздердің судағы 
ерігіштігі 
 
Атауы 
Ерігіштігі 
Атауы 
Ерігіштігі 
Aethylmorphіnum 
Atropіnum 
Codeіnum 
1:500 
1:460 
1:150 
Morphіnum 
Papaverіnum 
Pіlocarpіnum 
1:10 000 
1:50 000 
Ериді 


491 
Coffeіnum 
Dіbazolum 
Dіmedrolum 
Ephedrіnum 
1:80 
Аз ериді
1:1250 
1:36 
Platyphyllіnum 
Thermopsіnum 
Theobromіnum 
Theophyllіnum 
Аз ериді 
Ериді 
1:1300 
1:200 
Ескерту
: МФ XІ бойынша «ериді» - 1:10, 1:30 қатынасын, «аз ериді» - 
1:100, 1:1000 қатынасын білдіреді. 
Рига медициналық институтының дәрілер технологиясы кафедрасы 
микстуралар мен тамшылардағы алкалоид тұздары мен құрамында азоты бар 
негіздердің сыйымдылығын зерттеген. Сілті реакциялы заттарды, авторлар, 
екі топқа бөліп, шартты түрде бірінші топты әлсіз сілтілі, ал екінші топты 
күшті сілтілі заттар деп атады.
Кесте 34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет