Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет50/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Физика-химиялық 
(дисперстік) 
жүйелерге 
арналған 
тұрақтандырғыштар. 
Негізінде, гетерогенді (біркелкі емес) жүйелер 
(суспензиялар, эмульсиялар) үшін маңызды. Себебі, гетерогенді жүйелер 
медициналық іс-тәжірибеде өздерінің келесі бағалы фармакокинетикалық, 
терапевтік қасиеттеріне байланысты жиі қолданылады: қиын еритін немесе іс 
жүзінде ерімейтін дәрілік заттардан дәрілік препараттарды дайындау және 
пайдалану мүмкіндігі; дәрілік құралдар әсерінің ұзақтығы; әртүрлі енгізу 
тәсілдерінің жүзеге асырылуы, соның ішінде, шаншуға арналған; 
тітіркендіргіш қасиеттерін және жағымсыз дәмін жасыру мүмкіндігі. 
Гетерогенді жүйелер тұрақтандырғыштарына МЦ туындыларын, 
пектиндерді, альгинаттарды, бентонит балшықтарын, аэросилді, твиндерді, 
спендерді және т.б. заттарды жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда осы 
заттардың мөлшерін төмендету, ал белсенділігін жоғарылату мақсатында 
тұрақтандырғыштардың бір-бірімен әртүрлі қоспалары қолданылады. 
 
Химиялық 
құралдардың 
тұрақтандырғыштары
дәрілік 
препараттарды дайындау және ұзақ уақыт сақтау процесінде пайдаланылады. 
Тұрақтандырғыштардың бұл түрі стерильдеудің әртүрлі тәсілдеріне, әсіресе, 
термиялық стерильдеуге ұшырайтын дәрілік түрлер үшін маңызды. Айтылған 
жағдайда тұрақтандырудың химиялық әдісі қолданылады, ол әсіресе, сулы 
сұйық дәрілік түрлер үшін қажетті. Тұрақтандырғыштарды қолдану дәрілік 
құралдардың 
гидролизін 
немесе 
тотығу-тотықсыздану 
процестерін 
болдырмауға негізделген. Гидролиз процестерін болдырмау үшін дәрілік зат 
ерітіндісінің қасиетіне байланысты қышқылдар (хлорсутек және т.б.) немесе 
сілтілі компоненттер (натрий гидроксиді, натрий гидрокарбонаты) қосылады. 


84 
Дәрілік түрлер технологиясында физиологиялық белсенді заттардың 
тотығуы жиі жүретіндіктен, дәрілік заттар және бірқатар қосымша 
компоненттер (жағар май және суппозиторий негіздері) ертінділеріндегі 
тотығу-тотықсыздану 
процестерін 
тоқтататын 
тұрақтандырғыштар 
қолданылады. Тотығуға әсіресе, қанықпаған майлы қышқылдар, альдегидті, 
фенолды топтары бар қосылыстар, полимерлі орамдаушы материалдар 
сезімтал келеді. Тотығу реакцияларын антиоксиданттар деп аталатын 
қосымша заттарды қосу арқылы тоқтатуға болады. Табиғи және синтетикалық 
белгілі антиоксиданттардың саны өте көп, мысалы, оларға фенол 
туындылары, ароматтық аминдер, күкірт туындылары (натрий сульфиті, 
натрий метабисульфиті, ронгалит, тиомочевина және басқалар), трилон Б, 
аскорбин қышқылы, токоферолдар және басқа қосылыстар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет