Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет46/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бентонит
(Bentonіtum) 
– табиғи бейорганикалық полимер. 
Кристалды құрылысы бар минералдар түрінде кездесетін негізінде 
алюмогидроксилаттар болып табылады. Жалпы формуласы: AІ
2
O
3
•SіO

• 
m
H
2
O. 
Балшықты минералдар құрамында 90% алюминий, кремний, магний, 
темір тотықтары және су болады. Бентониттердің индифференттілігі, ісіну 
және сілбі түзу қабілеттілігі оларды көптеген дәрілік түрлер өндірісінде 
қолдануға мүмкіндік береді: жағар майлар, таблеткалар, ұнтақтар, пилюлялар, 
түйіршіктер. Ол 3-5% концентрацияда суспензияларды тұрақтандыру үшін 
қолданылады. 
Аэросил 
(Aerosіlum) бентониттер тәрізді бейорганикалық полимерлерге 
жатады. Аэросил – SіO

коллоидты кремний диоксиді – жеңіл, ақ түсті, 
жоғары дисперсті, айқын адсорбциялық қасиеті бар ұнтақ. Суда 1-4% 
концентрацияда глицеринмен, вазелин майымен бірге сілбі тәрізді жүйелер 
түзеді. 
Аэросил дисперстік ортасы әртүрлі суспензияларды тұрақтандыру үшін, 
жағар майлар үшін негіз ретінде, ұнтақтарда гигроскопиялық қоспалар 
дайындау үшін диспергатор ретінде кеңінен қолданылады. Адсорбциялық 
қасиетін құрғақ экстракттарды тұрақтандыру үшін пайдаланады (олардың 


81 
гигроскопиялылығы төмендейді). Аэросилді пилюляларға қосу, сақтау 
кезіндегі кебуге тұрақтылығын едәуір арттырады. Ол суппозиторийлік 
массаның тұтқырлығын жоғарылатып, оған гомогендік сипат береді, сонымен 
бірге, дәрілік құралдардың біркелкі таралуын қамтамасыз етіп, сұйық және 
гигроскопиялық заттарды енгізуге мүмкіндік береді. 
Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар 
Еритін
Метилцеллюлоза 
(Methylcellulosum solubіle) – целлюлоза мен 
метанолдың қарапайым эфирі. Сарғыш түсті, түйіршіктелген немесе 
талшықты, иіссіз, дәмсіз ұнтақ. Суық суда, глицеринде ериді, ыстық суда 
ерімейді. Ерітінділері айқын беттік-белсенді қасиеттерге ие. Концентрлі 
ерітінділері жалған пластикалық, кептірген кезде жұқа тығыз пленка түзеді. 
Метилцеллюлозаның (МЦ) сулы ерітінділерінің жоғары сорбциялық, 
эмульсиялаушы қасиеттері бар. Технологияда 0,5-1% ерітінділері 
қоюлатқыш, тұрақтандырғыш ретінде, жағар майлар мен линименттердің 
гидрофобтық 
негіздерін 
гидрофилизациялау, 
суспензиялар 
мен 
эмульсияларды дайындау кезінде эмульгатор және стабилизатор ретінде, 
сонымен қатар, көз тамшылары үшін пролонгатор ретінде қолданылады. 3-8% 
сулы ерітінділері глицеринмен глицерогельдер түзіп, жағар майларға кеуіп 
кетпейтін негіздер ретінде пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет