Оқулық шымкент, 2018 жыл


Қосымша заттардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет44/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Қосымша заттардың жіктелуі
. Дәрілік түрлер технологиясында 
қолданылатын қосымша заттар номенклатурасы өте көп, сондықтан, оларды 
бір жүйеге келтіру тиімді. 


79 
Қосымша заттарды жіктеудің негізінде бірнеше белгілер жатады: 
табиғаты 
(соның 
ішінде, 
химиялық 
құрылысы), 
технологиялық 
сипаттамаларына және дәрілік түрдің фармакокинетикасына әсері. 
Қосымша заттар табиғаты бойынша табиғи, синтетикалық және 
жартылай синтетикалық болып бөлінеді.
Табиғи қосымша заттар өсімдік және жануар шикізаттарын, микроб 
тектес шикізаттарды және минералдарды өңдеу арқылы алынады. 
Артықшылығы - биологиялық қауіпсіздігі, кемшілігі - микробтық ластану 
мүмкіндігі жоғары. 
Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар дәрілік 
түрлер технологиясында кеңінен қолданылады. Олар жоғары әсерлі, улылығы 
төмен және оларды алу кезінде табиғи заттар қасиеттерін жетілдіру 
мүмкіндігі бар. 
Химиялық құрылысы бойынша қосымша заттар, концентрациясына 
байланысты, тұтқырлығы әртүрлі ерітінділер түзетін жоғары молекулалы 
қосылыстар (ЖМҚ) болып табылады. ЖМҚ жағар майлар, суппозиторийлер, 
пилюлялар үшін негіздер, тұрақтандырғыш және әсерін ұзартушы компонент 
ретінде, сонымен бірге, орамдаушы, тығындаушы материалдар ретінде де 
қолданылады.
Табиғи 
қосымша 
заттар. 
Крахмал
(Amylum) 
97,3-98,9% 
полисахаридтерден, 0,28-1,5% ақ уызды заттардан, 0,2-0,69% клетчаткадан, 
0,3-0,62% минералды заттардан тұрады. Крахмал екі фракциядан - амилоза 
және амилопектиннен құралған. Амилоза жылы суда ериді, ал амилопектин 
тек ісінеді.
Крахмал қатты дәрілік түрлерде, соның ішінде, пилюляларда (глюкоза 
мен қант қоспасында), жағар майларда қолданылады. Суспензиялар мен 
эмульсияларда тұрақтандырғыш ретінде 10% ерітіндісі пайдаланылады. 
Альгинаттар 
(Algіnata) қосымша зат ретінде, көбінесе, альгин қышқылы 
және оның тұздары қолданылады. Альгин қышқылы теңіз балдырларынан 
алынған жоғары молекулалы қосылыс болып табылады. Физика-химиялық 
қасиеттеріне байланысты тұтқыр сулы ерітінділер және пасталар түзуге 
қабілетті; гомогенизациялаушы, тұрақтандырғыш, ыдыратқыш, пленка түзуші 
және т.б. қасиеттері бар. 
Пектин 
(Pectіnum). Пектинді заттар көптеген өсімдіктердің жасушалық 
қабырғаларының құрамына кіреді. Бұл - құрылысы бойынша метанолмен 
бөлшекті этерификацияланған полигалактурон қышқылы болып табылатын 
жоғары молекулалық қосылыс.
Пектин ерітіндісінің өзіне тән қасиеті - жоғары желатинделуші 
қабілетінің болуы. Балалар дәрілік түрлерін жасау үшін қызығушылық 
тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет