161
перманганаты, күміс нитраты) ерітінділері клетчатканы тотықсыздандырады,
сондықтан, оларды шыны фильтр арқылы фильтрлейді.
Шыны фильтрлер шыны ұнтақтарын балқыту арқылы алынған,
кеуекті
шыны пластиналар, конус немесе цилиндр тәрізді
воронкаға орналастырылған
(сурет 31).
Шыны фильтрлерді қолданған кезде еріген заттардың адсорбциялануы,
фильтрленетін ерітіндінің жоғалуы төмендейді.
Шыны фильтрлер алкалоидтар,
бояғыш заттар, ферменттер,
тотықтырғыш заттар, қорғалған коллоидты
заттардың ерітінділерін фильтрлеуге қолайлы.
Фильтрлер кеуектерінің
диаметрінің әртүрлілігімен ажыратылады: №1 - кеуегінің өлшемі 90-150 мкм -
мақта тампонына сәйкес келеді; № 2 - кеуегінің өлшемі 40-90 мкм - борпылдақ
фильтр қағазына сәйкес келеді; № 3 - кеуегінің өлшемі 20-40 мкм - тығыз фильтр
қағазына
сәйкес келеді; № 4 - кеуегінің өлшемі 10-20 мкм - өте тығыз фильтр
қағазына сәйкес келеді.
Іс жүзінде №1 және №2 шыны фильтрлер қолданылады. Сұйықтық олардан
өздігінен өтеді. №3 және №4 шыны фильтрмен
жұмыс істеу вакууммен
фильтрлеуді қажет етеді. Олар көзге және шаншуға арналған ерітінділерді
фильтрлеуге қолданылады.
Сурет 31.
Достарыңызбен бөлісу: