Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет117/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы:
Босататын ыдысқа 120 мл жаңа тазартылған суды 
фильтрлеп құйып, онда 0,06 г күміс нитратын ерітеді (01.11.96 ж. ҚР ДСМ № 
481 бұйрықтың барлық талаптарын сақтайды). Ерітіндінің тазалығын тексереді. 
Қажет болған жағдайда ерітіндіні № 1 немесе № 2 шыны фильтр арқылы 
фильтрлейді. Ерітіндіні қоңыр түсті құтыға құйып, тығындап, безендіреді, 
сүргілейді. Негізгі этикетка – «Ішуге», ескерту этикеткалары – «Балалардан 
сақта», «Қараңғы жерде сақта», «Абайлап қолдан». Рецепті дәріханада 
қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі. 
Калий перманганаты ерітіндісін дайындаған кезде дәрілік заттың 
концентрациясына көңіл бөледі. Концентрациясы 1%-ға дейінгі калий 
перманганаты ерітіндісін дәрілік затты жаңа айдалған, алдын-ала фильтрленген 
суда ерітеді. Ал егер ерітіндіде калий перманганаттың мөлшері 1% және 1%-дан 
жоғары болса, онда препаратты алдын-ала келіде ұнтақтап, ыстық суда ерітеді, 
шыны фильтр арқылы сүзеді. 
Шыны фильтр болмаған жағдайда, ыстық тазартылған сумен мұқият 
жуылған мақта тампоны арқылы сүзеді. 
 
Rp.: Kalіі permanganatіs 0,35
 
 
 
 
Aquae purіfіcatae 30 ml 
 
 
 
 
Mіsce. Da. Sіgna.
25-30 тамшыдан стакан суға шаю үшін. 
Құрғақ заттардың мөлшерін анықтау:
0,35 - 30 
x - 100
x = 1,16% > 1%, яғни құрғақ заттардың мөлшері 1%-дан 
жоғары, сондықтан, дәрілік түрде калий перманганаты алдын-ала ұнтақталып, 
ыстық суда ерітілуі тиіс.
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae 30 ml 
 Kalіі permanganatіs 0,35
Vж. = 30 ml 
 
Технологиясы:
Қосымша ыдыста жаңа айдалған тазартылған судың 
өлшенген көлемін 30 мл қыздырады. Келіге 0,35 г калий перманганатын өлшеп 
салып, ыстық суды бөлшектеп қоса отырып, ысқылайды. Толық еріген соң, 
дайын ерітіндіні салқындатып шыны фильтр арқылы сыйымдылығы 30 мл қоңыр 


172 
түсті құтыға фильтрлейді. Тығындап босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт 
тәнге», ескерту этикеткалары – «Балалардан сақта», «Қараңғы салқын жерде 
сақта». 
7. Жеңіл еритін комплексті қосылыс түзетін препарат ерітінділерін 
дайындау. Фармацевтік практикада жиі кездесетін ерітінділерге йодтың, сынап 
дийодидінің, сынап дихлоридінің ерітінділері жатады. 
Медициналық практикада йодтың сулы ерітінділері ішуге (5%-дық) және 
сыртқа қолдану үшін (1%-дық) пайдаланылады.
Құрамы N 1 1%-дық ерітіндісі Құрамы N 2
5%-дық ерітіндісі 
Йод 1,0
Йод 1,0 
Калий йодиді 2,0
Калий йодиді 2,0 
Тазартылған су 100 мл 
Тазартылған су 20 мл 
Йод суда аз ериді (1:5000), бірақ концентрленген калий йодиді (немесе 
натрий йодиді) ерітінділерінде, кешенді қосылыстар түзе, өте жеңіл ериді. 
Иод калий (натрий) иодидіндегі ерітіндісі шартты атаумен Люголь 
ерітіндісі деп аталады.
 
Rp.: Solutіonіs Lugolі 30 ml
 
 

Da. Sіgna.
Тамаққа жағуға. 
Бұл дәрілік түр сыртқа қолдануға арналған N 1 құрам бойынша 
дайындалады. Йодты калий иодидінің концентрлі ерітіндісінде еріту 
қажет, ол үшін:
1,0 г калий йодиді - 0,75 мл тазартылған суда жеңіл ериді; 
0,6 г калий йодиді үшін - судың мөлшері
x = 0,45 мл құрайды 
1,0 г - 0,75 мл 
0,6 г - х мл 
судың 1 мл - 20 тамшы; 
0,45 мл - х, сонда, 0,6 г калий йодидін еріту үшін 9 тамшы су қажет 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 30 ml 
Kalіі іodіdі 0,6 
Іodі 0,3 
Vж. = 30 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет