Оқулық шымкент, 2018 жыл


в) Кальций глюконаты ерітіндісін дайындау



Pdf көрінісі
бет120/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

в) Кальций глюконаты ерітіндісін дайындау.
Әдетте рецептіде 
кальций глюконатының 5-10%-дық ерітінділері жазылады. Кальций 
глюконаты 20
0
С температурада 1:50 қатынасында суда ериді. Бірақ 
қыздыру кезінде кальций глюконаты тұрақты қаныққан ерітінді түзеді. 
Кальций глюконатының ерітінділерін тазарту үшін ерітіндіге, кальций 
глюконаты массасының 3-5% мөлшеріндей, белсендірілген көмір қосады. 
Rp.: Solutіonіs Calcіі gluconatіs 10% - 100 ml
 
 
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
Құрғақ заттардың мөлшері: 10% > 3%, сондықтан калций 
глюконатының КҰК қолданылып, қажетті су мөшлері есептеледі.
Есептеулер: 
КҰК
кальций глюконаты
= 0,5 мл/г;
10 х 0,5 = 5мл;
Судың көлемі:
100 – 5 = 95 мл 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 95 ml 
Calcіі gluconatіs 10,0 
Vж. = 100 ml 
Технологиясы:
Колбаға 95 мл тазартылған су құйып, 10,0 г кальций 
глюконатын өлшеп салады. Содан соң «Карболеннің» (белсендірілген 
көмір) 1 таблеткасын ұнтақтап қосады және 10-15 минут бойы қайнатады. 
Колбаны бірнеше рет шайқайды. Түзілген ерітіндіні қағаз фильтр арқылы 
ыстық күйінде босататын құтыға сүзеді, тығындайды, босатуға 
безендіреді. 
г) Кодеин ерітіндісі. 
Кодеин тазартылған суда баяу және аз ериді 
(1:150), ыстық суда (1:17), 90% этил спиртінде жеңіл (1:2,5), сұйытылған 
қышқылдарда 
ериді, 
сондықтан 
оның ерітіндісін дайындаудың 
ерекшіліктері бар. Мысалы, 1% 100 мл кодеин ерітіндісін дайындау үшін, 
1,0 г кодеинді 3 мл 95% этил спиртінде колбада ерітіп, әрі қарай 100 мл 


176 
ерітінді түзілгенше сумен араластырады. Қажет болса, сүзеді. Сақтау 
мерзімі 10 күн. 
Сонымен, сулы ерітінділерді дайындау кезінде бірінші кезекте 
қосымша ыдысқа тазартылған суды өлшеп алады және онда дәрілік затты 
ерітеді. Қосымша операциялар (ұнтақтау, қыздыру, адсорбциялық тазарту) 
дәрілік заттың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет