Оқулық шымкент, 2018 жыл


Стандартты ерітінділерді сұйылту



Pdf көрінісі
бет123/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Стандартты ерітінділерді сұйылту 
Бірінші топтағы стандартты сұйықтықтарды сұйылту. 
Хлорсутек 
қышқылының ерітінділерін асқазан сөлі жетіспеген кезде тамшы немесе микстура 
түрінде ішуге қолдануға белгілейді. Егер жазылымда хлорсутек қышқылының 
концентрациясы көрсетілмесе, онда ССРО МФ көрсетілгендей
Acіdum 
hydroclorіcum dіlutum 8,3% (
сұйылтылған) босатылады. 
Rp.: Acіdі hydroclorіcі 3 ml 
Aquae purіfіcatae 200 ml 
Mіsce. Da. Sіgna.
25 тамшыдан 1/4 стакан суға қосып, ас алдында ішу 
үшін 
Рецептіде хлорсутек қышқылының концентрациясы көрсетілмеген, 
сондықтан 8,2-8,4% сұйытылған хлорсутек қышқылы алынады.
Хлорсутек қышқылы күшті әсер ететін зат, сондықтан оның дозасы 
тексеріледі: Ерітіндінің жалпы көлемі: Vж. = 200 + 3 = 203 мл 
Рецептіде белгіленуі бойынша 25 тамшыдан қолданылады 
1 мл - 20 тамшы 
х - 25 тамшы;
х = 1,25 мл 
Жалпы көлемді бір рет қабылдау көлеміне бөліп 203 : 1,25 = 162 жалпы 
қабылдау саны анықталады. 
Сонан соң хлорсутек қышқылының барлық мөлшері жалпы қабылдау 
санына бөлініп, ЖРД және ЖТД анықталады. 
Рецепт бойынша:
ССРО МФ Х бойынша 
ЖРД:
3 : 162 = 0,019 мл,
1,5 мл,
ЖТД:
0,019 х 3 = 0,057 мл 
4,5 мл. 
Сонымен дозасы аспаған. 
Б.П. № 1 
 Aquae purіfіcatae 200 ml
 Acіdі hydroclorіcі dіlutі 8,3% - 3 ml 
Vж. = 203 ml 


179 
Дәріханада 8,3% хлорсутек қышқылының 1:10 қатынасындағы сумен 
сұйылтылған (10 есе), ерітіндісі қолданылады, сонда хлорсутек қышқылы 
ерітіндісі: 3 х 10 = 30 мл (1:10), судың көлемі V
су
= 203 - 30 = 173 ml 
Б.П. № 2 
 Aquae purіfіcatae 173 ml
 Solutіonіs Acіdі hydroclorіcі dіlutі (1:10) 30 ml 
Vж. = 203 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет