Оқулық шымкент, 2018 жыл


Тұндырма қоспасындағы ішуге арналған тамшыларды дайындау



Pdf көрінісі
бет144/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Тұндырма қоспасындағы ішуге арналған тамшыларды дайындау. 
Бұл тамшыларды дайындау кезінде, еритін заттарды жазылымда көрсетілген 
еріткіште ерітеді, ұшқыш және иісті заттарды ең соңында қосады. 
Тұндырмаларды құрамындағы спирттің концентрациясының өсуіне қарай 
қосады, қажет болған жағдайда, ерітіндіні сүзеді. 
Rp.:
Aethylmorphіnі hydrochlorіdі 0,15
Mentholі 0,4
Natrіі bromіdі 1,0

Adonіsіdі 6 ml

Tіncturae Convallarіae

Tіncturae Leonurі ana 15 ml

Mіsce. Da. Sіgna.
15 тамшыдан күніне 2 рет
а) Дәрілік түрдің жалпы көлемі: Vж. =6 + 15 + 15 = 36 мл; 


206 
б) Дәрілік түрде берілген этилморфин гидрохлориді улы зат, ал 
адонизид күшті әсер ететін зат, сондықтан дозалары тексеріледі ССРО МФ ХІ 
басылымының 2-ші томындағы № 4 кестенің (134 бет) көмегімен бүкіл 
көлемдегі тамшы саны анықталады: 
 
Адонизидтің
1 мл – 34 тамшы бар,
6 мл – х;
34 



204 тамшы 
Меруертгүл
тұндырмасының 1 мл – 50 тамшы бар,
15 мл – х; 50 

15 

750 тамшы 
Сасықшөп
тұндырмасының 1 мл – 51 тамшы бар,
15 мл – х; 51 

15 

765 тамшы 
Барлығы: 204 + 750 + 765 = 1719 тамшы 
Қабылдау саны: 1719 : 15 

114,6 

115 қабылдау саны 
 
Этилморфин гидрохлоридінің дозасын есептеу: 
рецепт бойынша:
МФ Х бойынша: 
ЖРД: 0,15 : 115 

0,0013 г
0,03 г
ЖТД: 0,0013 



0,0026 г
0,1 г 
Адонизидтің дозасы 
рецепт бойынша:
МФ Х бойынша: 
ЖРД:
6 : 115 

0,052 мл;
1 мл (34 тамшы)
ЖТД:
0,052 



0,104 мл;
3 мл (102 тамшы) 
Қорытынды: дәрілік заттардың дозалары аспаған. 
в) Мұндай үлгідегі тамшыларды дайындау үшін, кестеде көрсетілгендей 
дәрілік заттардың ерігіштігін, сонымен қатар жазылымға енген құрамды 
ескеру қажет. 
Препараттың атауы 
Препараттың ерігіштігі 
Суда 
90% спиртте 
70% спиртте 
Ментол 
өте аз ериді 
Жеңіл ериді 

Натрий бромиді 
1,5 г 
16,0 г 
35 г 
Этилморфин гидрохлориді 
12,0 г 
25,0 г 

МФ Х басылымына сәйкес жаңа галендік препарат - адонизидте консервант 
ретінде 20% этил спирті бар, меруертгүл және сасықшөп тұндырмалары 70% 
этил спиртінде дайындалады.
Препараттың ерігіштігіне қарай тамшы төмендегі технология бойынша 
дайындалады. 


207 
Б.П. 
Mentholі 0,4
 
Tіncturae Convallarіae (70% спирт) 15 ml
Tіncturae Leonurі (70% спирт) 15 ml 
Adonіsіdі 6 ml
Aethylmorphіnі hydrochlorіdі 0,15
Natrіі bromіdі 1,0
Vж. = 36 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет