Оқулық шымкент, 2018 жыл


  Рецепт келесі бөлімдерден тұрады



Pdf көрінісі
бет17/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 


22 
Рецепт келесі бөлімдерден тұрады: 
Іnscrіptіo 
(лат. бетіне жазу, сыртына жазу) бөлімінде емдеу мекемесінің 
атауы, мекен-жайы, телефоны көрсетіледі. Емдеу-профилактикалық мекемесінің 
коды толық жазылып, мөртабан басылады. Рецептіде дәрігердің аты-жөні, үй 
мекен-жайы және телефон нөмірі жазылуы тиіс. Бұл мәліметтер фармацевт-
технолог үшін дәрілік препараттың дозасын, қолдану тәсілін, дәріханада жоқ 
ингредиенттерді алмастыру мүмкіндігін анықтау, нақтылау үшін қажет. 
Nomen aegrotі –
аурудың аты және тегі. Рецептіде аурудың аты-жөні және 
жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Әсіресе пациенттің жасы туралы мәлімет 
қажет, себебі, дәрігердің улы және күшті әсер ететін заттарды дұрыс белгілеуін 
бақылау фармацевт-технологқа жүктеледі.
Datum –
рецепт жазылған күн (күні, айы, жылы). 
Nomen medіcі –
дәрігердің аты және тегі. Дәрігер рецепт басында түсінікті 
етіп аты-жөнін жазып, ал рецепт соңында қол қоюы тиіс. 
Іnvocatіo –
(лат. үндеу), рецептінің бұл бөлімі бір сөзбен белгіленеді: 
Recіpe 
- ал деген мағынаны білдіреді, қысқартып жазуға да болады: 
Rp.; Rec.; 
R
. Бұл дәрігердің фармацевтке дәрі дайындау жөніндегі жазбаша өтінішін 
білдіреді. 
Desіgnatіo materіarum 
немесе
Ordіnatіo - 
дәрілік препаратты 
дайындау үшін қажетті барлық дәрілік заттарды латын тілінде атап шығу. 
Рецептіні жазу кезінде тек жалпы қабылданған қысқартуларды қолдануға 
болады.
 
Заттар химиялық немесе шартты атауы бойынша көрсетіледі және әр 
ингредиент жаңа жолдан бас әріппен, ілік септігінде жазылады. Қатты 
заттардың мөлшері граммен көрсетіледі және араб цифраларымен бүтін немесе 
аралас ондық бөлшекті сандар түрінде белгіленеді. Бұл жағдайда грамм сөзі 
жазылмайды. Сұйық дәрілік заттар миллилитрмен, граммен және тамшылармен 
беріледі. Рецептілерде көбінесе бірнеше ингредиенттер белгілі бір ретпен 
жазылады. Ең бірінші негізгі дәрілік зат – 
basіs
жазылады. Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 
жылғы 22 мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау 
қағидалары», Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрінің №32 26.01.2015 ж. «Қазақстан Республикасында бақылауға 
жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды 
медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы» бұйрықтары 
талаптарына сәйкес есірткі және улы дәрілік заттар
 
рецептіде бірінші кезекте, 
содан соң басқа ингредиенттер жазылады. Есірткі дәрілік заттар 
амбулаториялық аурулар үшін мөртабан, емдеу мекемесінің мөрі және 
дәрігердің жеке мөрі көрсетілген бекітілген үлгідегі (қызғылт түсті) арнайы 
рецептуралық бланкілерде жазылуы тиіс. Дәрігер улы және күшті әсер ететін 
заттардың дозаларын жоғарылата алады. Ол үшін Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 
мамырдағы № 373 «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидалары», 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрінің №32 26.01.2015 ж. «Қазақстан Республикасында бақылауға 
жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды 
медициналық мақсаттарда қолдану ережесін бекіту туралы» бұйрықтары 


23 
талаптарына сәйкес дозасы, жоғары реттік дозадан жоғары улы, есірткі және 
күшті әсер ететін заттарды жазу барысында, дәрігер осы заттың дозасын сөзбен 
жазып, леп белгісін қоюы керек. Осы талапты дәрігер орындамаған жағдайда, 
яғни жазылған улы, есірткі және күшті әсер ететін заттың дозасы рецептіде 
жоғары болса, онда фармацевт-технолог дәрілік затты Мемлекеттік 
Фармакопеяда көрсетілген жоғары реттік дозасының жарты мөлшерінде 
босатуға міндетті.
Содан соң, негізгі дәрілік затқа көмекші дәрілік құралдар жазылады –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет