Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет13/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дәрілік суды
дайындау әдісінің бірі, жаңа майдаланған өсімдік шикізатын матамен 
байланған ыдысқа салып, үстін қағазбен жауып, оның үстіне ірі құм сеуіп, 
таба қойып, от жаққан. Қыздыру әсерінен шөптен сұйықтық - 
дәрілік су
аққан. 
Тұнбаны
ашық отта қайнатқан. Кейбір сығындыларды бірінші 
қыздырусыз немесе жылы пештерде тұндырып, содан соң оларды қайнатқан. 
Қайнату уақытын дәл көрсетпеген, тұнбаларды сұйықтықтың үштен бір 
бөлігіне дейін қайнатқан. 
Медициналық спирттерді
(«әтір») өсімдік 
шикізатын ашыту, майлар мен сөлдерді сығу жолымен кезегімен айдау 
арқылы алған. Майлы тұнбалар алу үшін, өсімдік шикізатын жылы жерде 
бірнеше күн бойы маймен тұндырып, содан соң майды құйып алып сүзген. 
Шырындар
50% қант ерітіндісі мен дәрілік өсімдігі сөлінің сірнесі немесе 
оның сығындылары болып табылады. 
Пластырлер 
– бұл шайырлы заттардың 
немесе майлардың дәрілік өсімдік ұнтағы, немесе сөлі қосылған 
балқымалары, немесе қорғасын тұздарының май қышқылдары.
Жағар майларға негіз ретінде сиыр майы, шошқа майы, қаз және аю 
майылары, сары балауыз, өсімдік майы, кейде мұнай, бал қолданылған. 
Еріген негізге майда ұнтақталған заттарды қосып, жағар май салқындағанша 
араластырған.
 
Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917) 
XІX 
ғасырда дәрілер технологиясының жетістіктері Уильям 
Брокдонның таблетка жасап шығаруымен (1873), француз фармацевті 
Лехабаның қатты желатин капсулаларын өндіруімен (1846), жағар майларға 
негіз ретінде вазелин (1873) және ланолинді (1875) қолданумен байланысты. 
Ланолин Ежелгі Грецияда қолданылған, бірақ орта ғасырларда ұмыт болған. 
Фармацевтік технологияға микробиология жетістіктері үлкен әсерін тигізді. 
Француз ғалымы Луи Пастер ашу және шіру өмір сүруі төмен 
микроорганизмдер салдарынан екенін дәлелдеді. Л. Пастердің жұмысының 


16 
әсер етуімен ағылшын хирургі Д. Листер жараны іріңдеуден карбон 
қышқылы көмегімен (1867) сақтанудың тәсілін ұсынды. XІX ғ. 80 
жылдары соңында Д. Листер әдісі физикалық әдіс - стерилизациямен 
толықтырылды. 
Шаншуға арналған ерітінділердің технологиясының даму ғасыры: Коха 
аппаратында бумен стерилдеу әдісін ендіру (1885); голланд физиологы Д. 
Хамбургердің зерттеу нәтижесінде ішкі қан тамырларға гипо- және 
гипертоникалық ерітінділерді қолдану; сонымен қатар физиологиялық 
ерітінді ретінде 0,9% натрий хлориді ерітіндісін пайдалану (1885); В. 
Беркефельда ерітінділерді керамикалық свеча арқылы фильтрлеу жолымен 
стерильдеуді ұсынды (1891). 1916 ж. Нобель сыйлығының лауреаты 
Австриялық 
физик-химик 
Р.Жигмонди 
табиғи 
целлюлозалардан 
мембраналық фильтрлер дайындады. 
Теориялық және тәжірибелік химияның сұрақтарымен айналысқан 
бірінші орыс ғалымы М. Ломоносов болды (1711-1765). Ол қазіргі химияның 
негізгі заңы – масса сақталу заңын ашып, жаңа ғылым – физикалық химияны 
жасады. 1783 ж. проф. Н. М. Амбодик (1744-1812) өсімдіктерден дәрілік 
препараттар дайындау туралы мәліметтер келтірілген «Врачебное 
веществословие...» деген құрал басып шығарды. 1737 ж. акад. Н. Н. Соколов 
«Речь о пользе химии» атты еңбегін басып шығарды. 
XІX ғ. бірінші жартысында медицинаға тән ерекшелік ол – медицина 
білімінің дифференциясы, яғни, дәрітанудың өзіндік мамандық ретінде 
бөлініп шығуы болды. 
Дәрілер технологиясын және галенді препараттар жасауға А. А. Йовский және 
А. П. Нелюбин үлкен үлес қосты. 
Петербургтік медицина – хирургиялық академиясының фармация 
кафедрасының басшысы Ю.К.Трапп (1814-1908) жеті фармакопея 
құрастырды, 
сонымен 
қатар, 
дәрілік 
препараттарды 
дайындау, 
фармакогнозия, фармацевтикалық химия, уларды зерттеу бойынша құрал 
жасап шығарды. 
1882 ж. Мәскеу университетінің фармация проф. В. А. Тихомиров (1841-
1915) фармацевтикалық химия және дәрілерді дайындау бойынша «Курс 
фармации» деген нұсқауын басып шығарды. Осы оқулықтың соңғы бесінші 
басылымы 1909 ж. шықты. 
1885 ж. Петербург дәріханашысы профессор А. В. Пель құрамында аз 
мөлшерде антисептиктер – стирол, бензальдегид, тимол бар тері асты 
шаншуға арналған гранула дайындап, қолдануға ұсынды. Сонымен бірге ол 
шаншуға арналған ерітінділерді ампулада дайындауды ұсынды. 
XX ғасырдың басында дәрілік препараттарды асептикалық жағдайда 
дайындау кеңінен таралды. 
Дәрілер технологиясының жетістіктерінің көбінің ішінде, Петербургтік 
аурухана дәріханасында сұйық дәрілік түрлерді аналитикалық Мор 
бюреткасы көмегімен дозалады. Бюреткалық жүйені кеңінен ендіру, тек 
дәріханаларды мемлекет меншігіне айналдырғаннан кейін басталды. 


17 
Фармацевтік өндірістің әлсіз дамуынан Ресей, көптеген галенді және 
дайын дәрілік препараттарды импорттады. Бірінші дүниежүзілік соғыс 
кезінде 1914-1917 жж. халықты дәрілермен қамтамасыз ету бірден 
нашарлады. 
Бұрынғы КСРО-да дәрілік түрлер технологиясы Ұлы Октябрь 
социалистік революциясынан кейін пайда болды. 1920 ж. дәрілік заттарды 
дайындау туралы оқытулардың архаикалық атаулары «пропедевтика», 
«рецептура», «дәріханалық техника» «дәрілер технологиясы» деген дәл 
терминге ауыстырылды, ол Бүкілресейлік фармацевтикалық мәжілісте 
бекітілді (1924). 
Кеңес одағынан кейінгі жылдары фармацевтік оқу орындарын 
ұйымдастыру және фармация ғылымын қалыптастыруға профессорлар Л. Г. 
Спасский (1868-1929), Б. А. Бродский (1872-1937), Л. Ф. Ильин (1871-1937), 
И. А. Обергард (1888-1937), М. Г. Вольпе (1884-1940), Г. Я. Коган (1889-
1942), профессорлар С. Ф. Шубин (1898-1942), Н. А. Александров (1858-
1935), Р. К. Алиев (1917-1966), Грузия ғылым академиясының академигі 
проф. И. Г. Кутутеладзе (1887-1963) үлкен роль атқарды. 
Фармацевтикалық технологияның даму тарихын проф. Л. Крувчинский 
(ПНР) хронологиялық кесте ретінде басып шығарды (1982ж.). Ол 
фармацевтикалық 
технологияның 
прогресінің 
тенденциясын 
және 
динамикасының негізгі бағыттарын анық және ықшамды түрде дамуын, оны 
әсіресе XX ғасырда байқауға мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық технологияның тарихы, қазіргі қолданылып жатқан 
көптеген дәрілік түрлер – ұнтақтар, жағар майлар, пластырлер, пилюлялар 
және басқалар – біздің эрамыздан бұрын қолданылғанын айғақтайды. Орта 
ғасырларда ұнтақтарды египеттік мумиялардан дайындаса, ал XX ғ. соңында 
сол дәрілік түрде антибиотиктерді, гормондарды, витаминдерді дайындады.
Жылан етінің кептірілген ұнтағы Еуропада XVІІ - XVІІІ ғ. ғылыми 
медицинасында ішке универсалды зат ретінде – уға қарсы (териак) әртүрлі 
ауруларды емдеу үшін табиғи түрде тек ежелде ғана емес, сонымен қатар орта 
ғасырларда да және одан кейін де қолданылған. 
Фармацевтикалық технологияның тарихының білімі «ескіден жаңаға 
қажетті барлық ақпараттарды алу» үшін керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет