Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет10/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Жартылай өнім –
дәрілік құрал болмай тұрып, өндірістік процестің 
келесі сатыларынан өтуге тиіс, жартылай өңделген шикізат немесе заттар. 
Бөлшек
– біріншілік орамадағы алдын-ала анықталған, белгіленген 
дәрілік зат бөлігі. 
Бөлшектеу
– алдын-ала анықталған, белгілі бөліктерге жартылай дәрілік 
өнімді массаларға бөлу бойынша технологиялық операциялар. 
Тара
– тауарларды (дәрілік зат, шикізат, жартылай өнім) сақтау, орамдау 
және тасымалдау үшін қажетті сыйымдылық. 
Күшті әсер ететін дәрілік құрал (Heroica) –
мемлекеттік нормативті 
құжатпен бекітілген, белгіленуі, қолданылуы, дозалануы және сақталуы 
сақтықпен жүргізілетін күшті әсер ететін заттардың тізіміне кіретін дәрілік 
құрал. 
Улы дәрілік құрал (Venena) – 
мемлекеттік нормативті құжатпен 
бекітілген, жоғары улылық әсеріне байланысты, белгіленуі, қолданылуы, 
дозалануы және сақталуы ерекше сақтықпен жүргізілетін улы заттардың
тізіміне кіретін дәрілік құрал. 
Есірткі дәрілік құралдар
– ҚР заңдарына түзетулер енгізілген (1972) 
есірткі заттар туралы Бірыңғай Конвенциясына (1961) сәйкес бақылауға 
алынатын, есірткі заттар, психотропты заттар және прекурсорлар тізіміне 
енгізілген синтетикалық немесе табиғи заттар. 
Психотропты заттар
ҚР заңдарына, ҚР халықаралық келісімдеріне
соның ішінде психотропты заттар туралы Конвенциясына (1971) сәйкес 
бақылауға алынатын есірткі заттар, психотропты заттар және прекурсорлар 
тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи заттар. 
Прекурсорлар
– ҚР заңдарына, ҚР халықаралық келісімдеріне, соның 
ішінде есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес 
туралы БҰҰ Конвенциясына (1988) сәйкес бақылауға алынатын, есірткі 
заттар, психотропты заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілген, есірткі 
және психотропты заттарды өндіру, дайындау, қайта өңдеу үшін 
қолданылатын заттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет