Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет11/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дәрілік түр технологиясының ғылым ретінде анықтамасы және оның 
алдына қойған негізгі міндеттері қандай? 
2.
Дәрілік препараттардың дәріханалық және өнеркәсіптік өндірісі арасында 
қандай байланыс бар? 


13 
3.
Дәрілік түр технологиясының негізгі терминдері қандай? Олардың 
арасындағы байланыс. 
 
1.2 Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы 
Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э. д. ІV ғ.- б.э. І ғ. ортасы)
Ежелгі Египетте және Ежелгі Шығыста, басқа елдерде өсімдік, жануар 
және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде 
қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен 
ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, қайнату, кептіру т.б. Медициналық 
папирустардың тақырыптарында магиялық формулалар, жалбарыну және ырым-
жоралар дәріні дайындауда орындалып отырған. 
Сұйық дәрілік түрлер микстура, ішке және сыртқа қолданылатын қайнатпа 
түрінде қолданылған. Жұмсақ дәрілік түрлер ретінде жағар майлар, пасталар, 
пластырлер, пилюлялар, пессарийлер қолданылған. 
Жағар майлар майлы негізде көбінесе ланолинде дайындалған. Ланолинді 
қойдың жүнін қайнату, теңіз суымен жуу, өнімді фильтрлеу, оны күнде ағарту 
арқылы дайындаған. Майларды құрма, бадам, күнжіт, жаңғақ, жемістерін сығу 
арқылы, эфир майларын гүлдерден жай және жоғары температурада зәйтүн және 
жаңғақ майымен экстракциялау арқылы алған. Ежелгі египет косметикалық 
заттарының тұрақтылығы жоғары болған, теріні тітіркендірмеген, ал кейбір 
жағдайларда қабынуға қарсы әсер көрсеткен. 
Ежелгі грек дәрігерлерінің, дәрілердің құрамы және дайындау тәсілдері 
туралы жасалған еңбектері әртүрлі. Қысқаша мәліметтер мен қатар толық 
технологиялары көрсетілген. Көлем арқылы тек сұйықтықтарды ғана емес, 
сонымен қатар, сусымалы қатты заттарды да шамамен дозалаған, «сулы 
сұйықтықтарды үш саусаққа ілінгенше ішкен». 
Ежелгі грек дәрілік қоспаларын белгілі бір нақты дәрілік түрге жатқызу 
қиын. Көптеген кеңінен қолданылатын заттар – бал, шарап, май, өсімдік сөлдері – 
«дәрілік препараттар» және сонымен қатар сұйық және тұтқыр заттар, иіс және 
дәм корригенттері, форма түзуші заттар болып саналған. Ежелгі Римде 
дәрітанудың дамуы, ежелгі грек фармациясымен тығыз байланысты. Б .э. І 
ғасырда Ежелгі Рим дәрігері Диоскорид Педаний «Дәрілік заттар туралы» 
шығармасында өсімдік, жануар, және минерал тектес дәрілердің барлығын 
сипаттап, 500-ден астам өсімдіктерді морфологиялық белгілері бойынша топтап 
жіктеген. Б. э. І ғасырда Римде Авла Корнелия және Плиния Старийдің 
құрамында медицина және дәрілердің дайындалуы туралы энциклопедиялық 
еңбектері жарық көрді. Ежелгі Римнің ірі дәрігері Рима Гален (130-200 ж.) 
антикалық медицина туралы көріністі бірегейлі жинақтап, бір ғылым ретінде 
көрсетті, ал ол XV – XVІІ ғ. дейін жаратылыстану ғылымының дамуына үлкен 
әсерін тигізді. 
Б. э. д. V- ІV ғасырда білім мен дәріні адамдарға зиян үшін пайдаланбау 
керек (Гиппократ анты) деп, дәрігерлердің тәртібін жоғары этикалық 


14 
принциптермен бағалаған. Ежелгі Рим медициналық тәжірибесі бұл принципке 
қарсы тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет