Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет7/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дәрілік құралды жасау
– дәрігердің рецептісі бойынша дәріханада 
дәрілік түрді жасаумен, сонымен қатар дәрілік субстанцияларды сатып алу 
және сақтаумен, дайындалған дәрілік құралдардың сапасын бағалаумен, 
безендірумен және таратумен байланысқан фармацевтік қызмет. 
Дәрілік құралдардың жіктелуі
– физика-химиялық, токсикологиялық 
немесе басқа да ұқсас қасиеттеріне байланысты дәрілік құралдарды жеке 
топтарға бөлу немесе жүйеге келтіру. 
Дәрілік құралдардың сақталу мерзімі
– анықталған сақтау 
жағдайларындағы 
дәрілік 
құралдардың 
аналитикалық 
нормативті 
құжаттардың талаптарына сай болу, уақыт кезеңі. 
Дәрілік құралдың жарамдылық мерзімі
– дәрілік құралдың қолдануға 
жарамды мерзімінің аяқталған күні. 
Дәрілік құралдың қауіпсіздігі
– адам денсаулығына зиян келтіру 
мүмкіндігіне байланысты, жіберілмейтін қауіп-қатердің болмауы. 
Дәрілік 
құралдардың 
мемлекеттік 
реестрі
– 
Қазақстан 
Республикасында тіркелген және медицинада қолдануға рұқсат етілген 
дәрілік құралдарды есепке алу құжаты. 
Дәрілік құралдар өндірісі
– дәрілік құралдарды сериялы түрде 
шығаруға қажетті шикізаттарды, материалдарды және жартылай өнімдерді 
сатып алумен, технологиялық процеспен, оның кейбір сатыларын 
орындаумен, өндірістік өнімді сақтаумен, таратумен, сонымен қатар оларды 
сәйкес бақылаудың барлық түрлерімен байланысты барлық жұмыстардың 
жиынтығын қамтитын фармацевтік қызмет. 
Дәрілік құралдың балкөнімі
– соңғы орамадан тыс, технологиялық 
процестің барлық дайындау сатыларынан өткен, дозаланған дәрілік құрал. 
Дәрілік өсімдік шикізаты
– биологиялық белсенді заттары бар және 
дәрілік құрал ретінде, сонымен қатар дәрілік құралдарды өндіруде және 
дайындауда қолданылатын өсімдік бөліктері (тамырлары, тамырсабақтары, 
түйіндері, шөптері, гүлдері, жемістері және тұқымдары, сабақтары, қабығы, 
жапырақтары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет