Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілер технологиясы екі бағытта дамиды



Pdf көрінісі
бет5/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дәрілер технологиясы екі бағытта дамиды: 
дәрілерді дәріханада 
дайындау және дәрілерді өндірісте өндіру. 
Дәрілердің дәріханалық өндірісі – дәрілік құралдарды дәрігердің 
рецептісі және емдеу-профилактикалық мекемелерінің талабы бойынша 
дайындаумен, сонымен бірге, шикізаттар мен материалдарды алу, сапасын 
бағалау және оларды таратумен анықталады. 
Дәрілерді өндіріс жағдайында дайындау – дәрілік құралдарды сериялы 
өндіріп 
шығару, 
шикізаттарды, 
материалдарды 
және 
жартылай 
фабрикаттарды алу, технологиялық процестерді, орамдауды, сапасын 
бағалауды, тіркеуді, сақтауды, таратуды және дайын дәрілік өнімді 
тасымалдауды ұйымдастыру және іске асыру жұмыстарын қарастырады. 
Дәрілік препараттарды дәріхана жағдайында дайындау олардың 
өндірісте шығарылуын толықтырады, себебі отандық өндірістің дамуы әлі де 
науқастардың әртүрлі жасына байланысты, әсіресе жаңа туылған 
нәрестелерді, қарт ауруларды дәрілік препараттармен, кейбір жағдайларда 
инъекция 
түріндегі 
препараттармен, 
фитопрепараттармен, 
емдік-
косметикалық препараттармен сұранысты толығымен қамтамасыз ете 
алмайды. 
Осыған 
байланысты 
арнайы 
қарттарға, 
балаларға 
арналған, 
фитодәріханалар, ветеринарлық, емдік-косметикалық, ауруханалық және 
ауруханааралық дәріханалар болуы мүмкін. 
Дәрілер технологиясының екі бағыты – дәріханалық және өндірістік 
бірін-бір толықтырады, сондықтан олардың дамуы және жетілдірілуі 
паралелльді жүргізілуі тиіс. 
Жұмыстың табысты жүруі үшін кез келген ғылыми, техникалық және 
өндірістік салаларда пайдалынатын терминдерді дұрыс түсіну және қолдану 
тиімді. 
Фармацевтік терминология құрамына фармацевтік (фармакогнозия, 
фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармация ісін ұйымдастыру 
және басқару), химиялық, физикалық, техникалық және медициналық 
терминдер кіреді. 
Дәрілер технологиясының ғылым ретінде өзіне тән ұғымдары және 
терминдері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет