456
кездесетіндігіне
(құрғақтығы
немесе
ылғалдығы),
қасық
қалай
толтырылғандығы, тағы басқаларға байланысты.
Ветеринарлық дәрілік түрлердің технологиясы.
Ветеринарлық дәрілік
түрлердің
жинақтардың, ұнтақтардың, микстуралардың,
тұнбалар мен
қайнатпалардың, тамшылардың, жағар майлардың, линименттердің,
суппозиторийлердің, глобулалардың, пилюлялардың,
шаншуға арналған
ерітінділердің, салмақтық жағынан болмаса, технологиясы медициналық
практикада қолданылатын кәдімгі дәрілік түрлерден айырмашылығы жоқ.
Сондықтан олардың дайындау әдістерін түсіндірудің қажеті жоқ, тек оларды
дайындау барысында ерекшіліктерді ескеру керек:
1. Сырт тәнге қолданылатын дәрілік түрлердің, мысалы, сеппелер,
олардың
құрамына, дәріні жалап алуын болдырмау үшін, дәмі және иісі жағымсыз
заттарды қосады (Aloe, Asa faetida).
2. Ішуге қолданылатын дәрілік түрлер жиі әртүрлі дәмдеуіш заттармен бірге
дайындалады, сонымен бірге ішуге ыңғайлы болу үшін, мысалы, ұнтақты
жануарлардың сүйікті азығымен (сұлы, ет фаршы және т.б.) араластырады.
Жинақтар.
Жалпы ереже бойынша дайындалады. Үй
жануарларының
барлығына сырт тәнге қолдану үшін (булау, басу, ванналар), ішуге (іш
жүргізетін, несеп айдайтын және басқалар) тағайындалады. Жинақтарды
тұнба немесе қайнатпа түрінде дайындайды; аз
мөлшерде нанмен, жеммен
немесе сумен араластырып береді.
Rp.:
Species pectoralis 30,0
Da. Signa. Итке шәй ретінде стақан суға 1 ас
қасықпен араластыру
Кейде жинақтарды дәріханадан сумен дайын қоспа ретінде белгілейді
(булаулар).
Rp.:
Seminum Lini
Aquae purificatae aa 100 ml
Misce, fiat cataplasma
Signa. Булау. Жылы күйінде қолдану.
Кесте 26
Достарыңызбен бөлісу: