Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет133/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

1-ші жолы:
Өлшегіш ыдыс болған жағдайда, ерітінді белгілі көлемге дейін 
сумен жеткізу жолымен жүргізіледі. Ең алдымен дәрілік зат мөлшері 
есептеледі. 
Есептеу: 
20 - 100 
х - 1000 х = 200,0 г натрий бромиді; 
Тазартылған су 1л-ге дейін қосылады. 
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae quantum satіs 
Natrіі bromidi 
 200,0 
Aquae purіfіcatae ad 1000 ml 
Vж. = 1000 ml 
Технологиясы:
Алдын-ала зарасыздандырылған өлшегіш ыдысқа жаңа 
айдалған тазартылған судың бір бөлігін құяды. Тарирлі таразыда алдын-ала 
зарасыздандырылған натрий бромидінің 200,0 г мөлшерін өлшеп, осы ыдысқа 
салады. Шыны таяқшамен араластыра отырып ерітеді. Содан соң ерітінді 
көлемін берілген көлемге (1000 мл-ге) дейін тазартылған сумен жеткізеді. 
Дайын ерітіндіні сапалық және сандық талдаудан өткізеді. Дәрілік заттың өзі 
екендігін, оның сандық мөлшерін тексеріп болған соң, фильтр арқылы 
тығыны бар қоңыр түсті штангласқа сүзеді. Штанглас ерітіндінің атауы, 
концентрациясы және талдау, дайындалған күні, серия нөмірлері, сақтау 
мерзімі көрсетілген этикеткамен жабдықталады. 
Концентрлі ерітінділердің сандық талдау нәтижелері арнайы журналда 
тіркеледі. 
2-ші жолы:
Дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескере 
отырып, қажетті су мөлшерін есептеу: 
Натрий бромиді үшін КҰК - 0,26 мл/г 
200,0 г х 0,26 мл/г = 52 мл, 
яғни, ерітіндінің көлемі 52 мл ұлғаяды, сондықтан, судың көлемі: 
1000 мл - 52 мл = 948 мл 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 948 ml 
Natrіі bromidi 200,0 
Vж. = 1000 ml 
 
Технологиясы:
Ыдысқа бюреткалық қондырғыдан 948 мл тазартылған 
суды өлшеп алып, онда 200,0 натрий бромидін ерітеді. 
3-ші жолы
: Концентрлі ерітіндіні, ерітіндінің тығыздығын ескере 
отырып, салмақтық әдіспен дайындау.
20% натрий бромиді ерітіндісінің тығыздығы 


1,1488 г/мл; 
Теңдеу бойынша:


190 
m = v∙


мұндағы: m - ерітіндінің салмағы, г; 
v - ерітіндінің көлемі, мл; 

- ерітіндінің тығыздығы, г/мл 
Судың мөлшері: (1000 x 1,1488) - 200 = 948,8 г 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 949 г 
Natrіі bromidi 200,0 
m
ж.
= 1083,0 г 
Судың 4
0
С және 20
0
С-температуралардағы тығыздығы айырмашылығы аз 
болғандықтан, оны елемей-ақ, ыдысқа 949 мл тазартылған суды өлшеп алып, 
онда 200,0 натрий бромидін ерітеді. Содан соң химиялық талдау, сүзу, тығындау 
сатылары жүргізіледі. 
Егерде тазартылған суды өлшеп алу мүмкіндігі болмаса, онда оны алдын-
ала тарирленген құтыға немесе ыдысқа өлшеп алады.
Сонымен, еріткіш мөлшерін өлшегіш ыдыста өлшеп алуға, КҰК есепке 
алып және ерітінді тығыздығы бойынша есептеуге болады. 
Көлем ұлғаю коэффициенті және ерітіндінің тығыздығы мәндері ҚР ДСМ 
15.12.2004 ж. N 142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» 
бұйрығының N 7, 9 қосымшаларында келтірілген.
Ерітіндідегі дәрілік зат концентрациясын рефрактометр көмегімен - 
ерітіндінің сыну көрсеткішінің судың сыну көрсеткішіне қатынасы арқылы 
анықтайды: 
а) теңдеуі бойынша: 
f
n
n
х
o



мұндағы: х - ерітіндінің концентрациясы, %; 
n - ерітіндінің сыну көрсеткіші; 
n

- тазартылған судың сыну көрсеткіші; 
f - ерітіндінің концентрациясы 1%-ға өскен кездегі, 
сыну көрсеткішінің өсуі. 
б) оқу құралының «Справочник фармацевта» (М.: Медицина, 1981), 376-
377 беттерінде келтірілген дайын кесте бойынша анықталады. 
Дайындалған ерітіндінің концентрациясы ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 
қаңтардағы № 60 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» 
Қаулысының 1 қосымшасының «Дәрiханаларда дәрiлiк препараттарды (оның 


191 
iшiнде гомеопатикалық дәрiлердi) дайындау кезiндегi рұқсат етiлген ауытқу 
нормалары» 11 тармағында келтірілген ауытқу нормасына сай болуы керек. 
Құрамында 20%-ға дейінгі белгіленген ерітінді концентрациясында 
жіберілетін ауытқуы +2% құрайды, 20%-дан жоғары концентрациядағы 
ерітінділерде +1% құрайды. Мысалы, 10%-дық ерітінді үшін жіберілетін 
ауытқу 9,8%-дан 10,2%-ға дейін, ал 30%-дық ерітінді үшін 29,7%-дан 30,3%-
ға дейінгі концентрацияларды құрайды. 
Егер дайындалған концентрлі ерітіндінің концентрациясы ауытқу 
нормасына сай келмесе, онда ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрілік 
құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығының 25 тармағына сәйкес 
ерітінді концентрациясын түзетеді (нығайтады немесе сұйылтады).
Мысалы, натрий салицилаты ерітіндісінің концентрациясы 20%-дың 
орнына 19% болды делік. Жіберілетін ауытқу +2%-дан аспауы тиіс, демек 
ерітінді концентрациясы 19,6%-дан 20,4%-ға дейінгі аралықта болуы керек. 
Ерітіндінің концентрациясы тиісті шамадан төмен, сондықтан, ерітіндіге 
дәрілік зат қосып, оны нығайту керек. Дәрілік заттың мөлшері келесі теңдеу 
бойынша есептеледі: 
в
с
в
А
х




100
)
(
;
мұндағы: х - нығайтуға қажетті құрғақ заттың мөлшері, г; 
А - дайындалған ерітіндінің көлемі, мл; 
в - ерітіндінің тиісті концентрациясы,%; 
с - ерітіндінің алынған концентрациясы,%; 

- тиісті концентрациядағы ерітіндінің тығыздығы, г/мл; 
сонда:
г
мл
х
33
,
11
20
083
,
1
100
%)
19
%
20
(
1000






Демек, ерітіндіні нығайтуға 11,33 г натрий салицилатын қосып, еріту 
қажет. Ерітіндіні нығайтқан соң, фильтрлейді және талдау жүргізеді. 
Егер ерітіндінің концентрациясы тиісті концентрациядан жоғары болса, 
ерітіндіні сұйылту керек. 
Ерітіндіні сұйылтқан кезде қосылатын су көлемі төмендегі теңдеу 
бойынша есептеледі: 
в
в
с
А
х
)
(



мұндағы: 
х - сұйылтуға қажетті судың мөлшері, мл; 
А - дайындалған ерітіндінің көлемі, мл; 
в - ерітіндінің тиісті концентрациясы,%; 
с - ерітіндінің алынған концентрациясы,%. 


192 
Мысалы, ерітінді концентрациясы 21%-ға тең болып шықты делік. Бұл 
жағдайда жоғарыдағы теңдеу бойынша есептеу жүргізіледі:
мл
х
50
20
20
21
1000




Ерітіндіге 50 мл су қосып сұйылтады. Алынған ерітіндінің 
концентрациясы 20%-ға тең болады, себебі, 1050 мл ерітіндіде натрий 
салицилатының 210,0 г бар. Ерітінді фильтрленіп, талдауға жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет