391
Дәріханада ерітінділерді бөлшектеп құюға арналған ыдыстар қазіргі
кездегі талаптарға сәйкес өңдеудің келесі этаптарынан өтуі тиіс: суға салып
қою, жібіту, жуу (қолымен немесе машинамен), шаю (қолмен немесе
машинамен), кептіру (немесе стерильдеу), өңделу сапасын бақылау (қажет
болса).
Ыдыстарды өңдеу үшін жуғыш және дезинфекциялық заттар
қолданылады.
Дезинфекциялық құралдар: сутек асқын тотығы, этил спирті, трикрезол,
бейтарап анолит, 1% дезаксон-1 ерітіндісі тағы да басқалар.
Дәріхана ыдысын өңдеу технологиялық процесс, жуылған ыдыстың
сапасын бақылау ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19
наурыздағы № 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар"
бұйрығы
талаптарына сай жүргізіледі.
Өндеуден кейін ыдыстар жылу стерилизаторларында 120
0
С 45 минут
немесе кептіргіш шкафтарда 180
0
С 60 минут стерильделінеді.
Шаншуға арналған ерітінділерді тығындау нұсқауына байланысты ТУ
38006269-76 талаптарына жауап беретін, маркасы:
-
ИР-21 (сарғыш түсті) силиконды резинадан тұратын,
-
25П (қызыл түсті) табиғи каучуктан тұратын;
-
52-369, 52-369/1 және 52-369/2, (қара түсті) бутил каучуктен тұратын
резеңке тығындар қолданылады.
Резенке және буып түйілген дәрі-дәрмектерді тығыздап жабуға арналған
қалпақшалар мен тығындарды өңдеу және стерилдеу ҚР Ұлттық экономика
министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 "Дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы
саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" бұйрығының 6 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Өңдеп болған соң тығындарды бикстерге салып, бу стерилизаторларында
121
0
С 45 минут стерильдейді. Жабық бикстерде 3 тәулік уақыт сақталады.
Бикстерді ашқан соң тығындарды 24 сағаттың ішінде пайдалану қажет.
Қосымша материалдар (мақта, дәке, пергамент қағаз, фильтрлер және т.б.) -
үшінші қосымшаға сәйкес стерильденеді. Ашылған материалдар 24 сағат
ішінде қолданылуы тиіс. Стерильді қосымша материалдар жабық түрінде 3
тәулік уақыт сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: