Оқулық шымкент, 2018 жыл


Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар



Pdf көрінісі
бет331/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар. 
Комплексті әсерлі қан 
алмастырғыштар науқасқа енгізер алдында жоғарыда көрсетілген ерітінділер
науқастың көрсеткіштері бойынша құрастырылады. 
Шаншуға арналған дәрілік түрлерді жетілдіру. 
Шаншуға арналған дәрілік 
түрлерді жетілдіру оларға қойылатын талаптарға сәйкес барлық бағыттарда 
жүргізіледі: 
-
бұл - приборларды, аппараттарды, кіші механикалық құралдарын енгізу: 
дистилляторлар, шаншуға арналған суды жинағыштар, өлшегіштер, 
араластырғыштар, 
фильтрлеу 
аппараттары, 
шаншуға 
арналған 
ерітінділердің сапасын бақылауға арналған қондырғылар және т.б.;
-
тұрақтандырғыштар ассортиментін көбейту;
-
жаңа физика-химиялық талдау әдістерін енгізу;
-
жаңа орамдау және тығындау материалдарын енгізу.
Препараттың тұрақтылығына әсер ететін негізгі проблемаларды кешенді 
шешу, жоғары сапалы тұрақты шаншуға арналған ерітінділерді алуға 
мүмкіндік береді.
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Изотонды ерітінділер дегеніміз не? Оларға қандай талаптар қойылады? 
2.
Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрациясын қандай 
тәсілдермен есептеуге болады? 
3.
Физиологиялық ерітінділерге сипаттама беріңіздер. 
4.
Қан алмастырушы ерітінділер қанша топқа бөлінеді? Әр топқа сипаттама 
беріңіздер. 
5.
Шаншуға арналған ерітінділерді жетілдіру қандай бағытта жүргізіледі?
 
 
 
 
 
 


424 
5.3 Көзге арналған дәрілік түрлер
 
Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы. 
Қазіргі заманғы 
ғылыми медицинаның құралдандыруға алған, дәрілік құралдардың кең 
ассортименті ішінде көзге арналған дәрілік түрлер ерекше орын алады, және 
олардың өндірісі фармацевтік технологияның дербес тақырыбы болып 
табылады. Бұл адамның көру мүшесінің бірегей ерекшеліктерімен, тек қана 
өзінің құрылысы және қасиеттері, сонымен қатар қазіргі заманда қатаң 
орнатылған, дәрілік заттарды енгізгенде олардың арнайы сіңірілу және таралу 
механизмімен, сол заттардың көздің әртүрлі ұлпаларымен, сұйықтықтарымен 
әрекеттесу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 
Көз ұлпаларының аса жеңіл жарақаттануы, адамның көру мүшесінің 
орасан зор көп аурулары (қабақ абсцестері, ангиома, блефарит, глаукома, 
трахома, ксерофтальм, офтальмомикозы, ретинит, склерит және басқалар), 
офтальмологиялық іс-тәжірибеде қолданылатын, препараттарды жасап 
шығару және үнемі жетілдіру керектігін негіздейді.
Көздің кілегей қабығы ағзаның барлық кілегей қабықтарының ішіндегі 
ең сезімталдысы. Ол сыртқы тітіркендіргіштерді бірден сезеді - механикалық 
қоспалар, осмостық қысым, көз жасы сұйығының рН мәніне әсер етеді. Көз 
жасы сұйығы микроорганизмдерден қорғаныс барьері рөлін атқарады. Көз 
жасы сұйығында лизоцим болғандықтан ол бактерицидті әсер көрсетеді, бірақ 
патологиялық жағдайда көз жасы сұйығындағы лизоцим мөлшері едәуір 
азаяды.
Көзге арналған дәрілер қатты, сұйық, жұмсақ, газ тәріздес түрінде 
шығарылады. 
Қатты көзге арналған дәрілерге: таблеткалар, қарындаштар, сеппелер, 
көз қыстырғыштары, ламелалар; газ тәріздес – аэрозольдер (көз спрейлері); 
жұмсақ – гомогенді және гетерогенді жағармайлар; сұйық – нақты сулы және 
майлы ерітінділер, коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар 
жатады. Олар көз тамшылары, көзге басуға арналған ерітінділер, шаншуға 
арналған ерітінділер түрінде қолданылады. 
Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. 
Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процесі дәріхана жағдайында 
қиын және жұмысы көп.
Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе 
майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майдағы суспензиясы. 
Көз тамшыларын стерильді пипетка көмегімен көздің шырышты 
қабығына енгізеді. Қысқа мерзім аралығында қолдану есебімен көз 
тамшыларын аз (5-10 мл) көлемде белгілейді. 
Көз тамшылары түрінде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері 
қолданылады. Олардың көбі тұрақсыз және жоғары температура, жарық, 
микрофлоралар және басқа факторлардың әсерінен өзгереді немесе бұзылады. 
Жиі көз тамшыларын витаминдермен (аскорбин қышқылы, тиамин 
бромиді, рибофлавин), алкалоид тұздарымен (атропин сулфаты, пилокарпин 
гидрохлориді және басқалар), антибиотиктермен (бензилпенициллин, 


425 
левомицетин, неомицин және басқалар), мырыш сульфатымен, бор 
қышқылымен, сульфацил-натриймен белгілейді.
Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар 
қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінетін механикалық 
қоспалардың болмауы және изотондық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет