Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет8/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дәрілік препарат
– белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік құрал. 
Дәрілік субстанция
– дәрілік препараттарды өндіруге арналған дәрілік 
құрал. 
Дәрілік түр
– дәрілік құралға қолдануға қолайлы және оның емдік, 
профилактикалық әсерін қамтамасыз ету үшін, берілген белгілі күйі. 


11 
Жаңа дәрілік құрал
– мемлекеттік тіркеуден кейін, алғашқы рет 
медициналық қолдануға және өндіруге рұқсат етілген дәрілік құрал. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы
– дәрілік 
құралдардың сапасын және қауіпсіздігін нормалайтын, мемлекеттік 
стандарттар және ережелер жинағы. 
Қайта өндірілген дәрілік құрал (генерик)
– құрамы, сапа 
көрсеткіштері, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша және оригиналды дәрілік 
құралдардың қорғау құжаттарының жарамды күші біткеннен кейін айналымға 
түскен оригиналды дәрілік құралдарға ұқсас дәрілік құрал. 
Көмекші заттар
– өндіру және дайындау процесі барысында дәрілік 
түрлердің қажетті қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қосылатын, табиғаты 
органикалық немесе бейорганикалық заттар. 
Дәрілік құралдың сапасы
– қолдану мақсатымен әсер ету қабілетіне 
ықпал ететін дәрілік құралдың қасиеттері мен сипаттамаларының жинағы. 
Парафармацевтиктер
– құрамында емдік дозадағы дәрілік құралдары 
бар биологиялық белсенді қоспалар. 
Патенттелген дәрілік құралдар
– Қазақстан Республикасында патенттік 
заңдылықпен қорғалған, қолдануға құқығы бар оригиналды дәрілік құралдар. 
Серия
– бір технологиялық цикл нәтижесінде алынған, біркелкі дәрілік 
құралдың белгілі мөлшері. 
Серия нөмірі
– сериясын арнайы теңестіруге, өндірістік және бақылау 
операцияларының толық кезектілігін анықтауға мүмкіндік беретін цифрлік, 
әріптік немесе әріптік-цифрлік белгі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет