Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру



Pdf көрінісі
бет171/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika
stud.kz 6223, Жүйке жүйесінің типтері, 1 сабақ. Қысқаша көбейту формулалары, 215154, Документ (2), template, 19 ғасыр 204 (копия)
Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз.Мемлекет 
даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды 
түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары: мүгедектік мәселені қоғамда 
түсіну; қатарластарымен тең қарым-қатынас; толыққанды білім беру; қоғамға 
кіріктіру және бейімделу. 
Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі 
ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие 
талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» – деп атап көрсетеді. Психикалық дамуы 
тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, 
зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс 
координацияларының және т.б. жалпы психикалық процестердің дамуында 
бұзылыстар байқалады. 
Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай балаларға 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі жұмыс атқаруы қажет: 


116 
1) Диагностикалық жұмыстар: баланы алғашқы дефектологиялық 
тексеру; баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең 
бойына бақылау; зерттеу. 
2) Түзету-дамыту жұмыстары. 
3) Кеңес беру мен ағартушылық жұмыстары: педагогтармен жеке жұмыс 
жүргізу; баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, 
педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; педагогтың оқу жоспарына түзету 
жұмыстарын енгізу.
4) Әлеуметтік-бейімдеу жұмыстары: баланың әлеуметтенуіне, қоршаған 
ортаға бейімделуіне жағдай жасау; баланы қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, 
өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
5) Әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстары: әртүрлі іс-шараларға 
дайындықты қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет