Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі



Pdf көрінісі
бет421/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
 Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі. 
Бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін 
есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен 
нәтижелігін бағалау жүйесі. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен 
бағалаудың қазіргі заманғы формалары.
Бақылау
– бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың 
танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның 
дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық-
педагогикалық мәні оқушыға дер кезінде көмек беру, олардың шығармашылық 


276 
күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп 
орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. 
Оқу-тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны
оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру және олардың 
белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау процесінде мұғалім оқушылардың жаңа 
білімді игеру сапасы бойынша мағлұмат алады. 
Бақылау
 
– мекеме жұмысының соңғы нәтижесіне сандық әрі сапалық баға 
беру.
Бақылау төмендегідей кезеңдерді қамтиды: 
- білім беру мекемесінің әртүрлі жүйесінің жай-күйін бағалаудың норма, 
стандарт, критерийлерін белгілеу; 
- бақылау объектісінің белгіленген нормасының сәйкестік дәрежесі 
бойынша ақпарат жинау; 
- қол жеткен нәтижені белгілеп, стандартпен салыстыру; 
- фактілерді талдау, сәйкессіздікті болдырмау жолдарын іздестіру; 
- қол жеткен нәтижемен төменгі отырғандарды хабардар ету, ақпаратты 
жеткізу және тарату; 
- нәтиже бойынша ақпаратқа баға беру; 
- алдында қабылданған жоспар мен шешімге түзетулер енгізу, 
коррекциялау. 
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне 
теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. 
Бақылау – кең көлемде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау 
қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілеттінің дамуына 
ықпал етеді. Оқыту процесінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау, баға 
қою, есепке алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет