Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет469/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika
stud.kz 6223, Жүйке жүйесінің типтері, 1 сабақ. Қысқаша көбейту формулалары, 215154, Документ (2), template, 19 ғасыр 204 (копия)
 
Топтастыру
 
– оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушылардың еркін және 
ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын 
бірнеше құрылымнан тұрады: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да 
мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру. 
Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.
“Бесжолдық өлең” стратегиясы
– ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз 
ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжолдық өлең тақырыпты 
ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданғанын және материалдың аз сөзбен 
көп ойды білдіретіндігін талап етеді. 
“Кубизм”
стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін 
тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. “Кубизм” 
стратегиясында ойлау, оқу, жазу, әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 
15-20 см. Шаршының әр бетінің атауы болады. Кубиктің 6-бетіне жазбаша 
жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір 
жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды не оны мадақтайды. 
Еркін жазу.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың 
үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына 
қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі 


311 
де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. 
Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ 
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет