Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет333/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Функционалды сауаттылық 

тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі 
саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі. Бейіндік оқыту 
мазмұнының ерекшіліктері.
12 жылдық орта білім берудің 3 сатысында білім бағдарламаларының 
меңгерілуі толық жүзеге асқан жағдайда Қазақстан Республикасында білім беру 
жүйесінде оңды қайта құрулар болатыны анық. 
Орта білім берудің ІІІ сатысы – бейінді оқыту, бұл оқушылардың 
шығармашылық қызметін, жеке қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік туғызады. 
Таңдамалы курстарды әрбір мектеп өзінің ерекшелігіне, тұрған 
географиялық орнына және оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың 
қызығушылығы мен бейімділігін ескере отырып мектептің оқу жоспарының 
вариативтік бөлігінен сәйкес таңдайды. 
Бейіндік оқыту – жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары 
сатысында даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуіне және мектептің жоғары 
сатысының орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен 
сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі. 
Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың өзіндік білім алу 
бағдарламаларын құруды және оның жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, 
жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғары 
кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру 
бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету болып 
табылады. 
Бүгінгі таңда бейіндік oқыту білім алушыны тұлға ретінде oның кәсіби 
талпынысын дамытуы тиіс; қызметтік, нәтижелік сипаты бoлуы қажет; білім 
беру процесінің шынайы бoлмыспен, әлеуетпен кірігуін қамтамасыз етуі қажет; 
вариативтілігімен ерекшеленуі тиіс; тұлғаның, сoндай-ақ еңбек нарығының 
сұранысына бағдарлануы қажет; аймақтардың белгілі бір мамандық бoйынша 
мамандарға деген қажеттілігін ескеруі тиіс. 
Бейіндік оқыту білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, 
тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір 
құралы ретінде қарастырылады.
Бейіндік оқыту 
– кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, 
олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы 
бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған 
білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары 
сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. 
Бейіндік оқыту 
– білім беру процесін ұйымдастырудағы мазмұн 
құрылымының өзгеруіне және жоғарғы сынып 
оқушыларының 


232 
қызығушылықтары 
мен қабілеттерінің ескерілуіне жағдай 
жасап,
олардың 
кәсіби қызығушылықтары мен әрі қарай білімін жалғастыруына 
жағдай жасайтын оқытуды даралау және саралау құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет