Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет339/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Апоферритин
бұл белок эритроциттерде темірді қосылып 
алып ферритинге айналады және сол жерде қалады. Осылайша ішек 
клеткаларынан капиллярдағы қанға темір түсуі реттеледі. Ағзаның 
темірге деген қажеттілігі төмен болғанда апоферритиннің 
синтезделу жылдамдығы артады. Ағзада темір жетіспеушілігі 
кезінде эритроциттерде апоферитин мүлдем синтезделмейді. 
Трансферрин - 
бұл тасмалдаушы белок, гликопротеиндерге 
жатады бауырда синтезделеді. Оның темірді байланыстыратын екі 
орталығы болады. Трансферрин темірді қан арқылы тасымалдап, 
қолданылатын және деполанатын жеріне жеткізеді. Қалыпты 
жағдайда трансферрин темірмен 33% қаныққан. 
Ферритин - 
олигомерлі белок, молекулярлық массасы 500 кДа. 
Ол (21кД) ауыр және (19кД) жеңіл полпептидті тізбектер 24 бірдей 
протомерлерден құралған. Ферритин олигомерінде протомерлердің 
жиынтығы бірдей болмайды, сондықтан әртүрлі тіндерде, бұл 
белоктың бірнеше изоформалары түзіледі. [8]. 
Ферритин қуыс сфера түрінде болады, қуыс ішіне темірдің 
4500-дей үш валентті иондары орналаса алады, әдетте 3000 болады. 
Ферритиннің ауыр полипептидті тізбегі екі валентті темірді үш 
валентті формасына айналдырады.
Темір 
ферритинде 
гидроксифосфат 
түрінде 
сфераның 
ортасында деполанады, оның сырты белок қабатымен қоршалған. 
Ол ішіне түскеннен кейін, босап шығып, апоферритин белогінің
арасынан өтіп тұрған түтікшелер арқылы, сыртқа шығады, бірақ 
ферритиннің белокты бөлігіне жиналуы мүмкін. Темір ферритин 
молекуласында тұрақты мөлшерде болмайды. Оның қызметі- 
темірдің қорын түзу болып табылады. Ферритин барлық дерлік, 
тіндерде кездеседі, десекте көбірек бауыр, көкбауыр және сүйек 
кемігінде орналасады. Мардымсыз бөлігі тіндерден қанға 
экскрецияланады. 
Қан 
ұюының 
негізгі 
кезеңдері 
осылай 
сипатталады.


440 
Ферритиннің қандағы мөлшері – тіндердегі мөлшеріне тура 
пропорционалды болғандықтан, қандағы ферритин концентрациясы 
теміртапшылық анемия кезінде, организмдегі темір қорының
диагностикалық көрсеткіші бола алады. [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет