Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Миелинді мембрана, химиялық құрамы, құрылымдық



Pdf көрінісі
бет413/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

15.6. Миелинді мембрана, химиялық құрамы, құрылымдық 
ұйымдасуының ерекшеліктері.
 
Жүйке аксондарынан пайда болатын жүйке талшықтары: 
миелинденген және миелинденбеген талшықтар болып екі түрге 
бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі, сондай-ақ ОЖЖ-ің өткізгіш 
жүйелері, бірінші типке жатады. Бұлардың қызметтері өте жоғары 
деңгейде жетілген, жүйке импульстерін үлкен жылдамдықта береді.
Миелинді заттар дегеніміз, тек морфологиялық түсінік.
Негізінде миелин бұл жүйке өсінділерінің айналасындағы нейроглия 
клеткаларының көп қабатты мембраналарынан құралған жүйе болып 
табылады. 
Перифериялық 
жүйке 
діндеріндегі 
нейроглиялар 
леммоциттерден немесе Шван клеткаларынан, ал ОЖЖ-нің ақ 
заттары макролия астроциттерінен тұрады Миелинді қабықтармен 
қапталған аксон бөлімдерінің арасында Ранвье кедергілері деп 
аталатын миелинденбеген аймақтар қалады. [1]. 
Миелинді заттар химиялық құрамы бойынша қүрделі белок-
липидті комплекс болып табылады. Липидтердің үлесіне тығыз 
заттардың 80% тиесілі. Миелин құрамындағы барлық липидтердің 
90%-ы холестериндер, фосфолипидтер және цереброзидтерден 
тұрады. Миелинді қабықтың липоидты қабатындағы әртүрлі 
липидтердің молекулалары қатаң белгілі бір тәртіппен орналасқан. 
Миелин 
- плазмолеммалар мен шван клеткаларының көптеген 
қабаттарынан қалыптасқан құрылым –жүйке талшықтарының
миелинді қабығын түзеді. Миелинді қабық - электризоляциялаушы 
қасиеті бар, көптеген нейрондардың аксондарын жауып тұрады.
Глиальды клеткалар миелинді қабықты түзеді. Глиальды 
клеткалардың әртүрлі типтерінен түзілген миелиннің құрамы және 
құрылымы әртүрлі болып келеді. Миелизирленген нейрондардың 
түсі ақ болады, осыдан мидың «ақ заты» деп аталған. Миелиннің 


524 
химиялық құрамы 70-75% липидтерден, ал 25-30% белоктардан 
тұрады. Құрамында липидтердің өте көп болуы миелинді басқа 
биологиялық мембраналардан ерекшелендіреді. 
Склероздар, аутоиммунды аурулар кезінде кейбір нервтердегі 
аксондардың миелинді қабығының бұзылыстары туындайды. Бұл 
кезде адамның координациясы және тепе-теңдігі бұзылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет