Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Хромопротеидтердің алмасуы



Pdf көрінісі
бет161/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

5.2.
Хромопротеидтердің алмасуы 
 
Хромопротеидтер
(ХП) - Боялған күрделі белоктар: жай
белоктан және простетикалық топтан құралған. Организмнің
эритроциттерден басқа, барлық клеткаларында ХП –ер бар. 
Простетикалық тобы гемнен тұратын хромопротеидтер- 
гемопротеидтер деп аталады. Адам организміндегі тыныс алу 
белоктары: гемоглобин (Hb) – қанның қызыл пигменті және 
миоглобин (Mgb) –бұлшықеттің қызыл пигменті гемопротеидтерге 
жатады. Гемопротеидтер организмде газ алмасу процесіне және 
қышкылдық-сілтілік тепе-теңдікті сақтап тұруға қатысады. [37]. 
Митохондриалды 
электрондарды тасымалдау тізбегінің
цитохромдары, микросомальды тотығуға қатысатын Р
450
цитохром,
коферменттерінің қызметін гем атқаратын: каталаза, пероксидаза, 
цитохромоксидаза ферменттері гемопротеидтерге жатады. [28]. 
Ретикуло-эндотелиалды жүйе клеткаларында гемнің ыдырауы 
барысында өттің пигменттері (биливердин және билирубин) 
түзіледі. Билирубиннің бауырда, ішекте, сонан соң бүйректе 


218 
жүретін катаболизмі нәтижесінде гем ыдырауының соңғы
өнімдері: стеркобилин ( нәжістің пигменті) және уробилин
(зәрдің пигменті ) түзіледі. [9]. 
(5.1) 
Стеркобилин нәжіс арқылы, ал уробилин зәрмен сыртқа 
шығарылады. Гемнің ыдырауы нәтижесінде босап шыққан темір 
қажет болған жағдайда, қайтадан құрамында темірі бар белоктар – 
металлопродеидтердің синтезіне жұмсалады. Нв сүйек миының 
клеткаларында синтезделеді. Белокты бөлігінің молекулалары 
синтезделуі және ыдырауы жай белоктардағыдай жүреді. 


219 
(5.1) 
Сондықтан, бұл күрделі белоктардың белок емес 
компоненттері 
– 
простетикалық 
топтарының 
алмасуын 
қарастырамыз. Нв синтезіне қажетті құрам бөліктері қан ағымы 
арқылы жеткізіледі. [9]. 
Глобин синтезіне қажетті амин қышқылдары гем құрамына 
кіретін темір - бауыр немесе көкбауырдағы деподан, гем синтезіне 
қажетті глицин және сукцинил – КоА бауырдан тасымалданады. 
Гемнің түзілуі бірнеше сатыдан тұрады. (5.1). [116]. 
Құрамында Нв бар эритроциттердің орташа өмір сүру мерзімі 
110-120 күн. Аталған уақыт біткеннен кейін эритроциттер гемолизге 
ұшырайды. Нв-эритроциттерден бөлінгеннен кейін ерекше белок 
гаптоглобинмен байланысып, Нв-Нр комплексі РЭЖ клеткаларына, 
әсіресе көкбауыр клеткаларына көбірек түседі.
Комплекстің ыдырауы сонымен қатар лимфа түйіндерінде , 
бауырдың Купфер клеткаларында жүруі мұмкін 
Гаптоглобин Нв тотыққанда бұдан бөлініп қайта қанға түседі, 
ал гемоглобин ыдырайды. Ыдырау гемнің 1-ші және 2-ші пиррол 
сақиналарының арасындағы метен көпіршесінің тотығуынан
басталады, ыдырау гемоксигеназаның қатысуы мен жүреді. 
Жасыл түсті вердоглобин түзіледі. әрі қарай вердоглобиннен
глобин бөлінеді. Глобиннің ыдырауы жай белоктардың гидролизі 
жолымен өтеді және темір бөлінеді, ол
 
γ-глобулинмен байланысып, 
трансферритин түзеді. [37]. 


220 
(5.2) 
Ол қан арқылы депоға (көкбауыр) әкелінеді, сол жерде 
ферритин түрінде немесе кейбір аурулар кезінде (гемахроматозда) 
метаболитикалық инертті гемосидеринге айналып, деполанады. 
Жоғарыда аталған реакцияның нәтижесінде құрылымы тіке 
сызықты 4 пиррол сақинасынан тұратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет