229
5.3.
Нуклеопротеидтер алмасуы
Нуклеопротеидтер (НП)
– күрделі
белоктардың қатарына
жататын жоғары молекулалы, екі компонентті қосылыстар, жай
белоктан
және табиғаты белок емес, простетикалық топтары
нуклеин қышқылдарынан:
дезоксирибонуклеин қышқылы
( ДНҚ), және рибонуклеин қышқылы ( РНҚ)
тұрады. [11].
Нуклеин қышқылдары құрылысы қарапайым, кіші молекулалы
бірнеше, жеке химиялық
компоненттерден құралған, атап айтсақ:
пуриндік және пиримидиндік негіздер, көмірсулар(пентоздар) мен
фосфор қышқылынан тұрады. Нуклеозидтрифосфаттар (НТФ),
ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне субстрат ретінде пайдаланылады.
(5.5)
Энергия трансформациялауда,
әмбебап механизм ретінде
АДФ-АТФ циклі, тотығу энергиясын биосинтез процестерінің
энергиясына айналдырады. Бірқатар биологиялық процестерге
басқа да, НТФ-р энергия көзі ретінде жұмсалады.
Нуклеотидтер
туындылары гомо,- және гетерополисахарид,
липидтер мен белоктар синтезінде активті субстраттардың доноры
ретінде қызмет етеді. Мысалы: УДФ-глюкоза,
УДФ- галактоза,
ГДФ- манноза, УДФ- N- ацетилглюкозамин немесе
230
ЦМФ- ацетилнейрамин қышқылы гликоген мен ГАГ-тардың
синтезіне, ал ЦДФ- холин фосфолипид синтезіне қатысады.
УДФ-глюкурон
қышқылы
3-фосфоаденозин-5-фосфосульфат
(ФАФС), S- аденозилметионин детоксикациялаудың универсалды
жүйесі жұмысына
жиі қатысу арқылы, ксенобиотиктерді және кебір
меншікті
метаболиттердің
организмнен
шығарылуын
қамтамасызетеді. АМФ оксидоредуктаза класы,
дегидрогеназалар
тобы ферменттерінің коферменттері ( НАД
+
, NAДФ, ФАД ) және
HS-KoA құрамына кіреді Нуклеотидтердің циклды формалары (ц
АМФ, ц ГМФ ) көмегімен клеткаға гормон сигналдарын, өсу
факторларын, нейромедиаторларды және кейбір,
басқа реттеуші
молекулалар сигналдарының берілуін жүзеге асырады
Достарыңызбен бөлісу: