225
Өттің бөлінуі бұзылады, ішекке билирубин қалыпты жағдайдан
аз бөлінеді, сондықтан тоқ ішекте түзілетін стеркобилиноген
мөлшері төмендейді, нәжіс әлсіз боялған.
Гепатиттің
асқынуы
кезінде
бауырда
билирубиннің
конъюгациялану процесі бұзылады,
соның салдарынан қанда
тікелей емес билирубин жиналады. Қақпа венасы арқылы бауырға
баратын уробилиногеннің ыдырау процесі бұзылады. Ол жалпы қан
айналымына өтеді және зәрмен экскрецияланады (қалыпты
жағдайда зәрде болмайды).
Паренхиматозды сарғыштануға тән белгілер:
- қанда тікелей және тікелей емес билирубин жоғарылайды;
- зәрде билирубин мен уробилиногенге сапалық реакция оң нәтиже
көрсетеді, қанық боялады;
- нәжісте стеркобилиноген мөлшері төмендейді,
әлсіз боялады;
Механикалық сарғыштану
- обтурациялық (бауырасты)
сарғыштану деп аталады. Механикалық сарғыштану он екі елі
ішекке өт бөлінуі бұзылуынан дамиды.
Өт жолдарының толығымен немесе жартылай бітелуі негізгі
себептердің
бірі болып табылады, мысалы, өттас ауруында ұйқы
безінің, өт қабының, бауырдың ісіктерінде орын алады.
Конъюгирленген
билирубиннің
қалыпты
экскрециялану
жолдары бітеліп қалғанда ол қанға түседі. Қанда тікелей билирубин
мөлшері артады, ол зәрмен шығарылады, зәрдің түсі қанық қызғылт-
қоңыр түсті болады. Жалпы өт жолы толық бітелгенде өт ішекке
түспейді, стеркобилиноген түзілмейді. Нәжіс түссіз және зәрде
уробилиноген кездеспейді.
Механикалық сарғыштануға тән белгілер:
- қанда тікелей және
жалпы билирубин жоғарылайды;
Механикалық
сарғыштанудың ауыр түрінде бауырдың
усыздандыру қызметі нашарлауы мүмкін және
қанда тікелей емес
билирубиннің деңгейі көтеріледі. Дегенмен, қанда тікелей емес
билирубинге қарағанда тікелей билирубин әрдайым көбірек болады.
- зәрде билирубинге сапалық реакция оң нәтиже көрсетеді,
уробилиноген болмайды, бояуы қанық;
- нәжісте стеркобилин бірден азайған
немесе тіпті кездеспейді
нәжіс түссізденген;
Обтурациялық және паренхиматозды сарғыштанулардың
байқалуы өте ұқсас келеді.
226
Дифференциальді диагностика үшін өлшем ретінде зәрде
уробилиногеннің болуы (паренхиматозды сарғыштануда) және қанда
тікелей билирубиннің бірден артуы (обтурациялық сарғыштануда)
дұрыс дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: