Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


-тарау. Зат алмасудың реттелуі. Гормондар биохимиясы



Pdf көрінісі
бет206/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

8-тарау. Зат алмасудың реттелуі. Гормондар биохимиясы 
 
8.1. Метаболизм реттелуінің негізгі механизмдері 
 
Адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, сыртқы қоршаған 
ортамен тығыз байланыста болады. Сондықтан қоршаған ортаның 
химиялық құрамының кез-келген өзгерістері және оның физикалық 
параметрлері адамға әсер етеді. Бірақ, адам организмі қоршаған 
ортаның өзгерген жағдайында, белгілі бір құрам тұрақтылығын 
сақтайды, жануар организмі сияқты тұрақты күйде болатын белгілі 
ашық
изотермиялық жүйе
болып табылады. Ол сырттан өзіне 
қажет заттарды және энергия көзін алады, сондықтан оны ашық 
жүйе деп атайды. Изотермиялық жүйе деп аталатын себебі ол дене 
температурасын тұрақты күйде сақтайды, сыртқы ортаға қанша 
энергия бөлсе, сонша энергия сыртқы ортадан алады. 
Жануар организмі тұрақты (стационар) күйде болады.
Организм сыртқы ортамен тығыз байланыста бола тұра құрам 
тұрақтылығын сақтауға қабілетті. Организм бұл жағдайда өзінің 
алмасу процестерін дәл реттеп отырады. 
Жануар организмі заттар мен химиялық процестерді қатал 
түрде үнемдеу принципі бойынша өмір сүреді, яғни сыртқы жағдай 
мен ішкі орта күйі өзгергенде, олардың өмір сүруіне қажетті 
процесстер ғана жүреді. [4]. 
Белоктар, липидтер және көмірсулардың метаболиттік 
айналымдары сыртқы және ішкі орта жағдайларының ауытқуына 
жауап ретінде әрдайым өзгеріп отырады. Алмасудың осы 
ерекшеліктеріне сай жануар мен адам әр түрлі жағдайларға 
бейімделіп өмір сүреді және жұмыс істей алады. Олар космоста 
(салмақсыздықта), су түбінде, биік тауларда, жазықта, тропикте 
және Антарктидада жүрсе де, гомеостазды тұрақты сақтайды, яғни 
алмасу процестерін әрқашан дәл реттеп отырады, организмнің бұл 
қасиеті орталық жүйке жүйесімен басқарылады. Ол күрделі 
иерархиялық жүйелермен қамтамасыз етіледі және эволюциялық 
процестер барысында қалыптасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет