Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет207/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

реттеуші механизмдер
арқылы 
орындалады. Метаболизмнің негізгі реттелу жолы – 
жүйкелік 
реттелу
болып табылады және глиалды клеткалармен өте үлкен 
жылдамдықта рецепторлар арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
реттелудің молекулалық негізінде жүйке клеткасының ішкі және 


285 
сыртқы иондар мен медиаторлар концентрациясының өзгеруі 
арқылы жүйкелік импульс берілуі басталады және жалғасады. 
Метаболизмді ферменттердің активтілігін эффекторлар, рН, 
температура, фермент пен субстрат концентрациясын өзгерту 
арқылы реттеуге болады. 
Биологиялық жүйені реттеудің тағы да бір негізгі факторы – 
компартментация
болып табылады. Компартментация дегеніміз әр 
түрлі процестердің кеңістікте бөлінуі. Барлық метаболиттік 
процестер бір-біріне кедергі жасамай белгіленген, шектелген 
кеңістікте өтеді, мысалы, ҮКҚЦ, БМҚ-ның тотығуы митохондрияда 
жүрсе, гликолиз, өт қышқылдары және БМҚ синтезі цитоплазмада 
өтеді. Десекте, организмде процестер толық оқшауланған. Бұл 
процестер өзара бір-бірімен метаболиттік өнімдер арқылы
байланысады, мысалы, АСҚ арқылы. Ядродағы репликация м-РНК 
арқылы рибосомда өтетін белоктардың түзілуімен байланысты. 
Метаболизм реттелуінің тағы бір түрі – 
эндокриндік реттелу
болып табылады. Ол өте күрделі тура және кері байланыстары бар 
нақтылы тәртіпке салынған аппараттай жұмыс істейді. [3]. 
Бұл 
жүйе арқылы әр клеткаға бұйрық жеткізіледі. 
Эндокриндік реттелу
жүйке жүйесімен өте тығыз байланысты 
болғандықтан 
нейроэндокринді
деп аталады. Организмнің 
өзгерістерге бейімделуінде басты сілтеме орталық жүйке жүйесі 
және гипоталамогипофизарлық жүйе болып табылады. ОЖЖ
тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке импульсі түрінде беріледі. 
Жүйке 
импульсінің 
берілуі 
иондар 
мен 
медиаторлар 
концентрациясының өзгеруі 
арқылы жүзеге асады. 
Олар 
гипоталамусқа және барлық тіндерге, соның ішінде ішкі секреция 
бездеріне дейін жетеді. 
Гипоталамус
– арымидың, арыорталық эндокринді бездің 
қызметін атқарады, ол ОЖЖ жүйесіне импульсты нейрон арқылы 
жібереді, ал гипофизге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет