Қорытынды Жоғары дәрежеде дамыған көп клеткалы организмдердің
қалыпты өмір сүруі үшін, жеке клеткалар мен тіндердің және
органдардың арасында бір-бірімен өзара байланыс қалыптасуы
қажет. Осындай өзара байланысты төрт түрлі негізгі реттеушілер
жүзеге асырады Орталық және перифериялық жүйке жүйелері –
жүке импульстары мен нейромедияторлар арқылы байланысады.
Эндокринді жүйелер - эндокринді бездер мен қанға
секрецияланатын гормондар арқылы, әртүрлі нысана- клеткалардың
метаболизміне ықпал етеді. Паракринді және аутокринді - жүйелер
клетка аралық кеңістіктерге секрециялананып, рецепторлармен
немесе жақын орналасқан клеткалармиен немесе сол клетканың
өзімен (гистаминдер, ас қорыту жолдарының гормондары ) арқылы
өзара әрекеттеседі.
Иммундық жүйелер - антиденелер мен цитокиндер сияқты
арнайылығы бар белоктар арқылы байланысады. Зат алмасуды
реттеуші жүйелер мен организм қызметтері - үш иерархиялық
деңгейде құралады. ОЖЖ деңгейі- жүйке клеткалары сырт жақтан
немесе ішкі ортадан түсетін сигналдарды қабылдап алып, оларды
жүйке импульсі формасына түрлендіреді және химиялық
сигналдарды - медияторларды пайдалану арқылы, синапстардың
көмегімен эффекторлық клеткаларға береді. Эндокринді жүйелер
деңгейі - гипоталамус, гипофиз және гормондар синтездейтін
перифериялық эндокринді бездерден құралады. Олар сәйкес
ынталандыру әсерінен гормондар түзіп, қанға бөледі. Клеткаішілік
деңгей - клетка метаболизмінің немесе жеке метаболикалық
жолдардың өзгерістерінен құралады. Мұндай өзгерістер:
активтендірілу немесе ингибирлену арқылы, фермент
активтілігінің өзгеруі; белоктар биосинтезі, немесе олардың
индукциялануы мен репрессиялану механизмдері, немесе олардың
ыдырау жылдамдығы бұзылыстары фермент мөлшерінің өзгеруіне
әкелуі; клетка мембраналары арқылы заттардың тасымалдану
жылдамдығының өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады. ьГормондар -
органдардағы зат алмасуларды әртүрлі реттеуші механизмдермен
байланыстырып, интеграциялайтын реттеушілер болып табылады.
Олар химиялық медиаторлар сияқы ОЖЖ-і мен әртүрлі
органдарда пайда болатын сигналдарды тасымалдайды.