Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет327/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

1. Қан тамырының спазмасы. 
Қан тамырының зақымдануы, оның көлеміне қарамастан, -
төтенше жағдай болғандықтан бірінші болып, ауырсыну
рецепторлары тамырдың рефлекторлы тарылуын іске қосу арқылы 
жауап береді. Тамырдың тарылуы арқасында қан ағу жылдамдығы 
баяулап, қан ағу азаяды. 
2. Тромбоцитарлы гемостаз.
Қан ағуды тоқтатуға қан тамырының қабырғасы белсене 
араласады. Тамыр қабырғасының ішкі жағында орналасқан
коллаген талшықтары «ашылады», бұларға қарай қан құрамындағы 
клеткалар – тромбоциттер бет алады. Коллаген және қан ұю 
факторларының бірі бірлесіп, тромбоциттерді активтейтін және
агрегациялайтын - күрделі биохимиялық процесті іске қосады. Бұл 
кезде тромбоцитарлы немесе « ақ» тромб түзіледі, бұл зат өз 
кезегінде, тамырдың бүтіндігін қалпына келтіреді. Бірақ, қан ағумен 
күресу бұнымен аяқталмайды. 


426 
3. Коагуляциялық гемостаз. 
Қан ұйығы пайда болғаннан кейін, плазмада және 
тробоциттерде болатын арнайы белоктар - қан ұю факторларының
активтеніп, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде қан 
плазмасындағы 
активсіз 
белок 
фибриногеннен 
талшық 
формасындағы белок – фибрин түзіледі. Осының көмегімен
тромбоциттер ұйығының айналасында фибринді тор түзіледі. Бұл 
тор тромбоциттерді, эритроциттерді және басқа да, қанның
клеткаларын ұстап қалуға қабілетті, берік қызыл тромб түзеді. 
Қызыл тромб жарақаттанған жердің шеттерін жиырып, қатайтып, 
сапалы етіп жамайды және біржола жарақаттанған тамырдың 
бүтіндігін қалпына келтіреді. Десекте, түзілген тромбтан тамырдың 
кішірейуіне байланысты қан ағымы бұзылуы мүмкін. Осы жағдайды 
болдырмау үшін, өз міндетін жақсы орындаған тромбты еріту -
фибринолиз 
жүруі қажет. 
11.13 Фибринолиз жүйесі. Қанның ұюына қарсы жүйе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет