37
жартылай ацетальдық топ химиялық активті. Осы топ арқылы
моносахаридтер
бір-бірімен
байланысады
немесе
басқа
қосылыстармен реакцияға түседі. Гликозидтік гидроксильдің
орналасуына қарай сақиналы моносахаридтердің α және β түрлері
ажыратылады. Организмдегі α- және β - гликозидтер (туындылары)
ферменттердің әсеріне ұшырауы әр қилы. Мысалы: α- түріне әсер
ететін фермент сол гликозидтің β-түріне әсер етпейді. Гликозидтер
табиғатта кең тараған және олардың құрамындағы көмірсуға
жатпайтын бөлігінің табиғаты әртүрлі болады. Барлық
моносахаридтер
тотығу-тотықсыздану
реакцияларына
түседі.
Тотықсызданғанда моносахаридтер өздеріне сәйкес спирттерге
айналады. Моносахаридтер тотығып әртүрлі қышқылдар түзеді.
Мысалы: глюкозадан тотығу жағдайына байланысты глюкон
қышқылы, глюкурон қышқылы, альдоза қышқылдары түзіледі.
Моносахаридтер
метоболизмге
өздерінің
фосфоэфирлік
қосылысы
(глюкоза-6-фосфат)
түрінде
белсене
қатысады.
Моносахаридтердің әлсіз тотықтырғыштарымен (мыс немесе висмут
тотықтарының сілтідегі ерітіндісі) тотығуы олардың мөлшерін
анықтау үшін қолданылады. Әсіресе мыс тотығының сілтідегі
ерітіндісі – Фелинг реактиві осы үшін жиі қолданылады.
Моносахаридтермен қатар, осы Бертран әдісін тотығатын басқа да
көмірсуларды анықтау үшін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: