Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет38/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Полисахаридтер – 
көмірсулардың ішінде табиғатта көп 
тарағандары, молекулалық салмақтары жоғары органикалық 
қосылыстар.
 
[8] Құрамындағы моносахаридтердің табиғатына 
байланысты оларды гомо-, және гетерополисахаридтер деп екі 
топқа бөледі. Бірінші топтағы полисахаридтер бір тектес 
моносахаридтерден тұрса, екінші топқа жататындар әр тектес
моносахаридтерден құралған. 


39 
Полисахаридтер суда ерімейді, ал ерісе каллоидты ерітінді 
түзеді, олар тотығу-тотықсыздану реакцияларына түспейді. 
Өсімдіктің негізгі полисахариді- 
крахмал
екі полисахаридтен 
тұрады, біреуі 
амилоза,
екіншісі 
амилопектин.
Олар бір-бірінен 
молекуласындағы 
глюкозалардың 
байланыстары 
арқылы 
ерекшеленеді, амилоза тармақталмаған ұзын тізбек болса, ал 
амилопектин молекуласы тармақталған. 
Амилоза мен амилопектин бір-бірінен қасиеттері жағынан 
айырмашылықтары бар. Амилозаның молекулалық массасы 
төмендеу, еріп қоймалжың ерітінді түзеді, йод ертіндісімен көк 
түске боялады. 
Амилопектиннің молекулалық массасы амилозаға қарағанда 
әлдеқайда жоғары, суда ерімейді, йодпен қызыл-күлгін түске 
боялады. 
Крахмалды 
ферменттермен 
(амилазалар) 
немесе 
қышқылдармен (H
2
SO
4
) гидролизденгенде алдымен бірнеше аралық 
заттар, атап айқанда – әртүрлі декстриндер түзіледі. Олардың 
молекулалық массалары әртүрлі болады және йодпен түрлі түстерге 
боялады: 
1. Амилодекстриндер көк күлгін түске, 
2. Эритродекстриндер қызыл-қоңыр түске, 
3. Ахродекстриндср қызғылт түске боялады. 
4. Мальтодекстриндер йодпен боялмайды. 
Гидролиз кезінде декстриндер мальтозаларға, ал олар 
глюкозаларға ыдырайды. [9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет