Латиризм - (cutis laxa, босаң тері) лизилоксидаза активтілігінің
төмендеуіне байланысты туатын ауру.
Бұл ауру құрамында лизилоксидазасы β - аминопропионитрил
ингибиторы бар хош иісті бұршақты (Lathyrus orodatus) тағам
ретінде қолданғанда пайда болады. Осы ингибитордың әсерінен
коллаген мен эластиндегі көлденең байланыстардың түзілуі
бұзылады, нәтижесінде әлсіз ерігіш коллаген түзіледі.
Дәнекер тіндердің, терінің серпімділік қасиеті төмендейді,
қаңқаның дамуы бұзылады. Осындай патология барысында
құрамында гидроксипролині бар пептидтер зәрмен бірге бөлінеді.
Гидроксипролин және пролин дәнекер тінінің маркерлері болып
табылады. Тәулігіне зәрмен бірге ересек адамда 20 мг
гидроксипролин, ал балаларда 10 есе көп гидроксипролин бөлінеді.
Латиризм -
лизилоксидазаның туа біткен жетіспеушілігінен
және ағзада мыс тапшылығынан пайда болуы мүмкін. [34].
Бактериалды коллагенозды ғазды гангрена қоздырғышы тудырады.
Коллагеноз дәнекер тіндерінің барлық құрам бөліктерінің
зақымданауымен сипаттиалады.
Эластин – эластикалық талшықтардың негізгі белогы, теріде,
қан тамыры қабырғасында, байламдарда, өкпеде көп мөлшерде
кездеседі, созылғыш қасиеті бар.
активтілігінің төмендеуінен болады, бұл Cu, В
6
дәрумені
тапшылығында, тұқым қуалайтын ауруларда, мыстың сіңірілуі
бұзылғанда байқалады. (Менкес синдромы).
Эластин ас қорыту жолдарында, элластаза әсерінен баяу
ыдырайды. Күрделі протеогликандарға агрекан және версикан деген
өте ірі молекулалы белоктар. Бұлардан басқа алуан түрлі дәнекер
466
тіндерінде кеңінен тараған бір топ кішірек протеогликандар бар.
Олар әр түрлі қызметтер атқарады.
Шеміршек тіні матриксінің негізгі протеогликаны