53
Көмірсу алмасуында бауыр
- глюкостатикалық қызмет
атқарады, бұл бауырдың органоспецификалық қызметі болып
табылады. Бауырда гликогеногенез, глюконеогенез,
гликогенолиз
процестері жүреді.
Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы
глюкозаның қалыпты мөлшерін 3,3-5,6 ммоль\л деңгейде тұрақты
етіп ұстап тұрады. Қандағы глюкоза әртүрлі органдар мен тіндердің
клеткаларына түседі. Әсіресе ми тіні клеткалары глюкозаны
интенсивті пайдаланады. Себебі, ми тіні клеткалары үшін глюкоза
бірден-бір энергия көзі болып табылады және медиатор-ацетилхолин
түзуге жұмсайды, бұлшық ет клеткалары жиырылуға, ішек
қабырғасы клеткалары сіңіруге, бүйрек зәр түзуге және эат
алмасудың соңғы өнімдерін шығаруға қажетті энергия алуға,
бүйрекүсті бездері глюкозаны кортикостероидтар түзу үшін
пайдаланады. [29].
Гликогеннің биологиялық маңызы.
Гликогеннің бауыр,
бұлшықет клеткаларындағы алмасу процесіне салыстырмалы
анализ жасау арқылы келесі тұжырымдарды айтуға болады.
Гликогеннің синтезі мен ыдырауы әртүрлі метаболикалық жолдар
арқылы өтеді. Бауыр глюкозаны гликоген түрінде қор ретінде
жинайды. Ол бұны өзінің жеке мұқтажын өтеу үшін емес, қандағы
глюкозаның концентрациясын тұрақты ұстап тұруға және басқа
тіндерді глюкозамен қамтамасыз ету үшін жасайды. Бауырда
глюкозо-6-фосфатазаның кездесуі, оның гликоген алмасуындағы ең
маңызды қызметі екендігінің дәлелі болып табылады.
Бұлшықет гликогені құрамындағы глюкозо-6-фосфатты
босатып, оны тотықтырып, бөлінген энергияны өз қажеттілігін
қанағаттандыру үшін пайдаланады. Бұл бұлшықет гликогеннінің
атқаратын қызметі болып табылады.
Гликогеннің синтезі эндергоникалық (эндотермиялық ) процесс,
себебі полисахаридті тізбекке глюкозаның бір қалдығын жалғау
үшін 1 молекула АТФ және 1 молекула УТФ қажет. Гликогеннің
глюкозо-6-фосфатқа дейін ыдырауы энегияны қажет етпейді.
Гликогеннің синтезі мен ыдырау процестерінің қайтымсыэ болуы
олардың реттелуімен қамтамасыз етіледі.
Гликогенннің гидролитикалық жолмен ыдырауы α-амилаза
әсерінен, негізінен бауырда, дәнекер тіндерде жүреді. Түзілген
мальтозаны мальтаза 2 глюкозаға гидролиздейді
Достарыңызбен бөлісу: