ал организмнін бөлігі болыи табылатын жасуша (мысалы, лейкоцит),
организмнен тыскары тіршілік ете алмайды және каннан бөлініп
алынса, оледі. Тек белгілі бір жағдайларды колдан жасағанда ғана
окшауланган агзалар мен жасушалар тіршілігін сактай алады (тіндер
культурасы). Алайда мүндай окшауланган жасушалардың кызметі түтас
организм жасушаларынын кызметімен бірдей емес, өйткені олар баска
тіндермен зат алмасудан шығарылып тасталған.
Біртүтас бүтін ретінде организм өзінің бөліктеріне жетекші рөл
аткарады, барлык ағзалар кызметінің нейрогуморалдык реттелуге
бағынышты болуы соның көрінісі болып табылады. Сондыктан
организмнен оқшауланған агзалар түтас организм шеңберінде өздеріне
тән қызметтерді атқара алмайды. Агзаларды көшіріп кондырудың
қиындыгы осымен түсіндіріледі. Ал организм біртүтас нәрсе ретінде
өзінің кейбір бөліктерінен айырылғаннан кейін де тіршілік ете береді,
оған дененің жекелеген ағзалары мен бөліктерін оперативтік жолмен
алып тастайтын хирургиялық практика дәлел бола алады (бір бүйректі
немесе бір жақ өкпені алып тастау, аяк не қолды кесіп алып тастау жәнс
т.б). Бөліктің бүтінге бағынуы абсолютті емес, өйткені бөліктің
салыстырмалы дербестігі бар. Салыстырмалы дербестігі болғандықтан,
бөлік бүтінге эсер ете алады, оған жекелеген агзалар ауырган кезде
бүкіл организмнің өзгеруі дэлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: