ir
/
14 - с у p e т.
В. В. Куприянов
15 - с у р е т.
Д. А. Жданов (1908-1971)
Оның 1981 жылы шыққан (Г. О. Тетевосянцпен бірге) “Отечественная
анатомия на этапах истории” деген кітабында Кеңес Одағындағы
анатомия ғылымының шығу тарихы мен оның дамуы толык баянда-
лады.
В. Н. Шевкуненко
(1872-1952) КСРО медицина Ғылым Акаде-
миясының академигі, С. М. Киров атындағы Ленин орденді Әскери
медицина академиясының профессоры, Н. И. Пирогов негізін салған
анатомиядағы қолданбалы бағытты дамытты. Өзінің шәкірттерімен
(Ф. И. Валькер, С. С. Михайлов, А. Н. Максименков, А. Н. Сресели және
т.б.) бірге дара өзгергіштіктің ең шеткі формалары туралы ілім жасады.
Нерв және вена жүйелерінің ол толық зерттеген варианттары “Шеткі
нерв және вена жүйелерінің атласында” баяндалады, бүл еңбегі үшін
В. И. Шевкуненко мен оның шәкірті және кафедра бойынша мүрагері
А. Н. Максименков мемлекеттік сыйлык алды.
Г. Н. Иосифов
(1870-1933) Томск, одан кейін Воронеж медицина
институтының анатомия профессоры, лимфа жүйесінің анатомиясы
бойынша білімді едәуір кеңейтті. “Лимфа жүйесінің анатомиясы” атты
монографиясы Г. М. Иосифовқа дүние жүзілік даңқ әкеліп кеңес
анатомиясының жоғары деңгейін көрсетті. Г. М. Иосифов анатомдар
мектебін құрды, оның аса көрнекті өкілі КСРО Медицина Ғылым
Академиясының академигі, И. М. Сеченов атындағы 1 Мәскеудегі
медицина институтының кафедра меңгерушісі
Достарыңызбен бөлісу: