карсысында орналасады. Осы шүңкырлар аркылы шап өзегіне дөңестеніп
шап жарыктары шыгады, латералды шүнкыр аркылы латералды (сырткы)
киғаш жарық, ал медиалды шүңкыр аркылы медиалды (ішкі) түзу жарык
өтеді. Шап өзегінің пайда болуы атабездің төмен түсуімен, descensus
testis және үрыктык кезеңде ішастардың processus vaginalis-ің түзілуімен
байланысты (“Спланхнология” тарауын караңыз).
МОЙЫН БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Мойын бүлшықеттері күрамына әр текті бүлшыкеттер кіреді.
1. Ж е л б е з е к д о г а л а р ы н ы ң т у ы н д ы л а р ы :
а) бірінші желбезек
доғасының туындылары - m. mylohyoideus, venter anterior m. digastrici;
ә) екінші желбезек доғасының туындылары - m. stylohyoideus, venter
posterior m. digastrici, platysma; б)
калган желбезек доғаларының
туындылары m. sternocleidomastoideus.
2. М о й ы н н ы ң а у т о х т о н д ы б ү л ш ы қ е т т е р і:
а) алдыңғы: m. sternohyoideus, m. sternothyroideus, m. thyrohyoideus
және m. omohyoideus, сондай-ақ m. geniohyoideus;
ә) бүйірлік: m. scaleni anterior, medius et posterior;
б) алғы-омыртқалык: m. longus colli, m. longus capitis және m. rectus
capitis anterior, m. rectus capitis lateralis.
Мойынның аутохтонды бұлшықеттері вентралды бүлшыкеттердің
қалдығы
болып табылады, оның таралуына екі маңызды жағдай эсер
етті: қабырғалар мен дене қуысының редукциясы.
Осының себебінен адамда мойынның аутохтонды бұлшыкеттерінің
бір бөлігі жоғалып, тек сатылы, алғы-омыртқалық және m. genio
hyoideus сақталып қалған. Дамуына сәйкес олар жүлынның
мойын
нервтерінің алдыңғы тармақтарымен нервтенеді. Тіласты сүйек
астындағы бұлшықеттер тіласты аппаратымен байланысқан және ansa
cervicalis арқылы нервтендіріледі.
Мойын бұлшықеттері орналасуы (топографиясы) жағынан мынадай
топтарға бөлінеді:
1. Беткей бүлшықеттер (m. platysma, m. sternocleidomastoideus);
2. Ортаңғы бүлшықеттер немесе тіласты сүйегінің бүлшыкеттері:
а) одан жоғары жататын бүлшықеттер (mm. mylohyoideus,
digastricus, stylohyoideus, geniohyoideus);
ә) одан томен орналасқан бүлшықеттер (mm. sternohyoideus,
sternothyroideus, thyrohyoideus, omohyoideus);
1. Терең бүлшықеттер:
a) кабырғаларга бекитін бүйір бүлшықеттері (mm. scaleni anterior,
medii et posterior);
ә) омыртқа алдындағы (m. longus colli, m.
longus capitis, m. rectus
capitis anterior et lateralis).
Достарыңызбен бөлісу: