Мойын
топографиясы
Мойын,
cervix,
артқы, латералды, төс-бүғана-емізікті бұлшықет
аймағы және алдыңғы деп төрт аймаққа бөлінеді.
Артқы аймақ,
regio cervicalis posterior,
m. trapezius-тің сыртқы
жиегін артында орналаскан, желке немесе шүйде, nucha,
болып
табылады.
Латералды аймақ,
regio cervicalis lateralis
(trigonum coli laterale), m.
sternocleidomastoideus-тің артында орналасқан және оны алдыңғы
жағынан
аталған бұлшықет, астыңғы жағынан бүғана және артқы
жағынан m. trapezius шектейді.
Regio sternocleidomastoidea осы бұлшықеттердің проекциясына
сәйкес келеді.
Алдыңғы аймақ,
regio cervicalis anterior,
m. sternocleidomas-
toideus-тің алдында жатады, артқы жағынан аталған бүлшықетпен,
алдынан мойынның ортаңғы сызығымен және үстіңгі
жағынан төменгі
жақсүйектің жиегімен шектелген. Төменгі жақсүйек бүрышы артын-
дағы және емізіктәрізді өсінді алдындағы кішкентай аймақ төменгі
жақсүйек артындағы шүңқыр, fossa retromandibularis, деп аталады. Онда
шықшыт безі, нервтер мен тамырлар орналасады.
Алдыңғы
және латералды аймақтар қиғаш, жоғарыдан томен және
артқа қарай өтіп, т . sternocleidomastoideus-ті қиып өтетін т .
omohyoideus арқылы бірқатар үшбүрыштарға бөлінеді.
Regio cervicalis lateralis аймағында екі үшбүрышты бөледі:
1. Жауырын-бұғана үшбүрышы,
Достарыңызбен бөлісу: