ойығының жоғарғы жиегі, оның басталатын жерін m. tensor fascia latae
және m. sartorius жауып тұрады. Тік бұлшықет сан ортасын бойлай өтіп,
patella-дан жоғары бүкіл төртбасты бұлшықеттің ортақ сіңіріне
қосылады.
Л а т е р а л д ы ж а л п а қ б ұ л ш ы қ е т ,
т. vastus lateralis,
ортан жілікті
латералды жағынан қоршайды, басталатын
жері - linea intertroc-
hanterica, үлкен ұршықтың бүйірлік бетінен, linea intertrochanterica-дан
және linea aspera femoris-тің латералды ернеуінен. Бұлшықет
талшықтары қиғаш төмен қарай жүріп, patella-дан сәл жоғарыда
аяқталады.
М е д и а л д ы ж а л п а қ б ұ л ш ы қ е т ,
т. vastus medialis,
ортан жілікке
медиалды жатады, басталатын жері labium mediale linea aspera femoris.
Оның бұлшықет будалары медиалды жағынан бүйірге және томен карай
қиғаш бағытта жүреді.
А р а л ы қ ж а л п а қ б ұ л ш ы қ е т ,
т. vastus infermedius,
тікелей
ортан
жіліктің алдыңғы бетінде жатады, әрі содан басталып, linea
intertrochanterica-ға дейін проксималды жетеді.
Оның талшықтары
вертикалды бағытта ортақ сіңірге қарай параллелді жүреді. Аралық
жалпақ бұлшықет жиектерін m. vastus lateralis және vastus medialis
жауып, осы жерде олармен тұтасып кетеді. Оның алдында m. rectus
femoris жатады. Төртбасты бүлшыкеттің
барлық бұл бөліктері тізе
буыны үстінде ортақ сіңір түзеді. Ол patella-ның негізі мен жиектеріне
бекіп, tuberositas tibiae-re бекитін lig. patellae-re созылады. Төртбасты
бұлшықет сіңіріне енгізілген patella бұлшықеттің иін күшін, ол
оның
айналу қабілетін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: