Онда екі жапырақшаны ажыратады: беткей немесе артқы және терең
немесе алдыңғы. Беткей жапырақша жамбастан басқа дейін созылады;
медиалды жағынан ол қылқанды өсінділермен бітісіп-өседі, ал
латералды жағынан қабырғаға ауысады. Fasciae thoracolumbalis-тің
терең жапырақшасы бел омыртқалардың көлденең өсінділерінен
басталып, оларға жоғарғы және төменгі жағынан бекиді. Латералды
жаққа қарай бағыт алған терең жапырақша fasciae thoracolumbalis m.
erector spinae-нің алдыңғы бетін жауып, оның латералды жиегі бойымен
жоғарғы жапырақшаға қосылады. Сөйтіп, терең аутохтонды бұлшық-
еттер тұйық сүйекті-фиброзды қынапта, ал m. erector spinae-нің
бастапқы бөлігі фиброзды қынапта орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: