Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет140/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

сезім мүшелері
жақсы жетілген. 
Эпителиальды сезгіш клеткаларынан басқа, терісінде арнайы иіс және 
химиялық әсерді сезу мүшелері бар. Бұл 
Қ
ызметті атқаратын простомиумда 
орналасқан антенналар, пальпалар, талшықтар, кірпікшелі шұңқырлар және 
параподиядағы мұртшалар (цирралар). Тепе-теңдікті сезетін статоцисталар 
өте аз.
Простомиумның арқа жағыңда, миының үстінде көру қызметін 
атқаратын 2 немесе 4 көздері бар, олар эпителий клеткаларымен астарланған 
көз ұяшығында орналасады. Эпителий қабаты тор қабықтың (сетчатканың) 
қызметін атқарады. Ол екі түрлі клеткалардан тұрады. Оның бір түрі жарық 
сезу клеткалары немесе ретинальды клеткалар. Олар бір жағынан жарық сезу 
таяқшасына айналса, екінші жағынан нерв жүйесімен жалғасады.
Alciopidae тұқымдасының көздері күрделіленіп, тері қабатынан 
бөлектеніп, тұйық көз көпіршігіне айналған. Оның мөлдір қабығы, тор 
қабығы, шыны тәрізді дене және көз жанары болады. Төменгі сатыдағы 
полихеттердің көздері түбінде көру клеткалары бар пигменттік бокал сияқты 
турбелляриялардың көздеріне ұқсас инверттелген.
91-сурет. 
Полихеттердің нерв жүйесі: А - Dinophilus taeniatus; Б - Sabellaria alveolata; В - 
Nereis virens; 1-ми ганглиясы, 2 - жұтқыншақ маңындағы сақиналы коннектива, 3 - құрсақ 
ганглиялары, 4 - құрсақ комиссурасы, 5 - құрсақ нерв тізбегі, 6 - жұтқыншақ асты ганглия, 
7 - құрсақ нерв тізбегінің ганглиялары
Жыныс жүйесі
қарапайым. Полихеттер дара жыныстылар. Жыныс 
диморфизмі байқалмайды. Жыныс клеткалары алдыңғы және артқы 
сегменттерінен басқа барлық, сегменттерінде қуыстың перитонеальды 
эпителий қабатының астында орналасады. Жыныс клеткалары тез бөлініп, 
жинақталып, сыртынан перитонеальды эпителидің жұқа қабатымен 
қапталады. Осылайша целоммен тығыз байланысты гонада түзіледі. Даму 
барысында алғашқы жұқа перитонеальды эпителимен қапталған гонада 
жарылады да, жұмыртқалары немесе сперматозоидтары целом қуысына 
түседі. Осы жерде жұмыртқалар дамып жетіледі. Кейбір полихеттердің 
жұмыртқа шығарғыш жолдары жоқ, сондықтан олардың ұрықтары дененің 
қабырғасын тесіп сыртқа шығады. Capitellidae тұқымдасының өкілдерінде 
кірпікшелермен қапталған целомодукт деп аталатын жыныс воронкасы 
(оймышы) бар. Жыныс клеткалары сол воронка арқылы түтікшемен сыртқа 
шығарылады. Қалған түрлерінде целомодуктілер немесе тұқым шығарғыш 
жолдары нефридия түтікшелерімен бірігіп кетеді де, жыныс клеткалары 
несеп заттарымен аралас нефридия немесе нефромиксиялар арқылы сыртқа 
шығарылады. Жұмыртқалар сырттай ұрықтанады.
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де 
байқалады. Мысалы, Nereidae, Eunicidae тұқымдастарының өкілдері 
жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. Бұлардың денесі екі ерекше 
бөлімдерге бөлінеді: алдыңғы атокты және артқы эпитокты немесе эпигамия. 
Екеуінің айырмашылықтары: атокты бөлімінің ішкі мүшелерінің құрылысы 
және сегменттері сол күйінде сақталып қалады, тек жыныс клеткалары 


бұларда дамымайды, ал эпитокия бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге 
ұшыраған, яғни ішкі мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс 
жұмыртқаларына толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары 
болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, теңіздің 
жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс клеткалары 
сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар ұрықтанып, бөлшектену 
кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол мекен ететін жерлерінде қалып, 
регенерациялық қабілеттілігіне байланысты жойылған сегменттерін қалпына 
келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло 
өкілдерінде (Eunice viridis) эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп немесе 
бірнеше біріккен сегменттері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына көтеріледі
Autolytus cornutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырайтын 
жерінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгде особьқа айналады; 
Myrianida fasciata-лар эпиток бөлімінде жыныс зооидтарды немесе 
бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп түспей тұрып, екіншісі, 
үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бластозооидтар түзіледі (92-сурет). Кейін 
олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; Syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену 
байқалады, басқа түрлерінде эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық 
бағытта өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет