ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA
700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі
(протоцефалон) және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген,
фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен
жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары
жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca). Дамуы метаморфоз жолымен өтеді,
личинкалары - науплиус, метанауплиус.
Екі отрядқа бөлінеді: желбезекаяқтылар - Anostraca және
жапырақаяқтылар -Phyllopoda.
Достарыңызбен бөлісу: