Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет59/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

42-сурвт.
 
Сцифомедузалар: I - тамырауызды медуза - Rhizostoma pulmo; II - сцифомедуза 
- Aurelia aurita-ның құрылысы; 1 - ауызы, 2 - ропалия, 3 - ауыз қалақшасы, 4 - сақииа 
түтігі, 5 - радиальды түтікшелері, 6 - қармалауыштары, 7 - гастральды бездері
Шатырдың айнала жиегіндегі қысқа қармалауыштарының кейбіреулері 
жуандап, шеткі денешіктерге немесе ропалилерге айналады. Олар тармақты 
радиальды түтікшелердің түбінде орналасады, саны сол түтікшелердің 
санына сай келеді. Ропалидің ішінде тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист 
және әр түрлі құрылысты көзшелері болады. Қарапайым көзшелері 
эктодермальды пигментгі және сезгіш ретинальды клеткаларынан құралған
ал күрделі көздері көз шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз 
көпіршігі түрінде болады. Оның түбі мен бүйірі пигментті және ретинальды 
клеткаларынан құралған, үстіңгі қабырғасы қалыңдап қасаң қабық пен көз 
жанарына айналып, қалған бос кеңістік көз көпіршігі бөліп шығарған шыны 


тәрізді затқа толы. Осындай күрделі құрылысына қарамастан көздері тек 
жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.
Нерв жүйесі күрделіленіп шатырша жиегінде яғни ропалилердің 
жанында нерв клеткаларының түйіні - ганглиялар түрінде дамыған.
Көбеюі және дамуы.
Сцифомедузалар - дара жыныстылар. Жыныс 
бездері қарын қалталарьшда қалыптасып, жетілген жыныс клеткалары ауыз 
тесігінен сыртқы су ортасына шығып ұрықтанады.
Зигота толық біркелкі бөлшектеніп бластула және гаструла ұрығын 
түзеп, одан кірпікше түкпен жабылған личинка - планула пайда болады. Ол 
кірпікшесінің көмегімен суда біраз уақыт жүзіп жүреді де денесінің алдыңғы 
бөлігімен субстратқа бекініп, гидраға ұқсас сцифистома деп аталатын 
полипоид кезеңіне өтеді (43-сурет).
43-сурвт.
Сцифомедуза Aurelia-ның даму циклі: 1-жұмыртқа, 2-планула (личинка), 3-
сцифистома (полип), 4-бүршіктенген сцифистома, 5-сцифистоманың көлденеңінен бөлінуі 
(стробиляция), 6-жас медуза (эфира), 7-ересек медуза Aurelia
Сцифистома өсіп, оның денесі бірқатар көлденең бунақталып, бір-
біріне қабаттаса орналасқан диск тәрізді жас медузалар пайда бола бастайды. 
Осындай көлденең бүршіктенуді стробиляция, ал осы сатыдағы полипты 
стробила деп атайды.
Стробиляция нәтижесінде пайда болған жас медузалар бірте-бірте 
сцифистомадан бөлініп шығып, еркін тіршілік ете бастайды. Олардың 
шатырша шеті терең ойықталған, ішкі жүйелері толық дамымаған. Бұл - 
эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шеті 
тегістеліп, гастроваскулярлы жүйесі толық қалыптасып, жыныс клеткалары 
жетіліп ересек медуза пайда болады.
Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуы нағыз 
метагенездің белгісі. Сцифистома бекініп тіршілік ететін, тек қана жыныссыз 
стробиляция жолымен көбейіп медузаларды қалыптастыратын формалары 
және тез өтіп кететін, нашар білінетін сатысы. Медузалар - еркін тіршілік 
ететін,
тек
қана жынысты жолмен көбейіп сцифистомаларды 
қалыптастыратын формалар, оның кезеңі әлде қайда басымырақ болып 
келеді. Сөйтіп аурелия аурита ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен, яғни 
жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы 
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет