Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет139/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Қан айналу жүйесі
тұйық қан тамырларынан тұрады. Ең басты ұзын 
арқа және құрсақ қан тамырлары. Олар көлденең сақина тәрізді 
тамырларымен жалғасқан. Осы қан тамырлардан ішкі мүшелеріне, 
желбезектеріне, терісіне ұштасқан майда қан тамырлары және капиллярлары 
тарап отырады. Қан басты тамырлардан майда тамырларға және 
капиллярларға өтіп, олардан қайта басты тамырларға оралып келеді, 
сондықтан қан айналу жүйесі жабық немесе тұйық. Арқа қан тамырының 
және баска қан тамырларының мезгіл-мезгіл қысқарып жиырылуы 
нәтижесінде қан ағып отырады.
Арқа тамырындағы қан денесінің артқы жағынан бас жағына қарай 
ағады, одан кейін алдыңғы сақиналы тамырлары арқылы құрсақ тамырына 
өтіп, бұл жерден, яғни бас жағынан артқы жағына қарай ағады. Қан 
тамырларының қуысы бірінші қуыстың (схизоцель) қалдығы болып 
саналады.
Полихеттердің басым көпшілігінің қандары қызыл түсті, плазманың 
құрамындағы гемоглобиндердің болуына байланысты (Nereis, Arenicola 
туыстарының), қалғандарының қаны жасыл, себебі плазманың құрамында 
гемоглобинге жақын хлороклуорин т. б. заттар болады.
Олигомерлық полихеттерде Dinophilus, Myzostomum туыстарының 
және Glyceridae тұқымдасының қан айналу жүйесі жойылған, оның қызметін 
қуыстың сұйық заты орындайды.
Нерв жүйесі
жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан
жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина - 
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты 
ганглиясы құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ тізбегі - 
метамерлі (әрбір сегментіңде) орналаскан нерв ганглияларынан тұрады.
Полихеттердің төменгі сатыдағы түрлерінің құрсағында екі нерв 
бағанасы болады, олардың ганглиялары - бір-бірімен көлденең комиссурамен 
жалғасып сатылы нерв тізбегін құрайды (Dinophilus туысында), ал жоғарғы 
сатыдағыларда екі нерв бағаналары, сонымен қатар ганглиялары бір-бірімен 
қосылып, тұтас құрсақ нерв тізбегіне айналған. Ганглиялар коннектива 
арқылы жалғасады (91-сурет). Екі сегментте жатқан ганглияларды 
жалғастыратын көлденең сала - коннектива, бір сегменттегі екі ганглияны 
жалғастыратын - комиссура.
Нервтер орталық нерв жүйесінен тарайды. Миы антенналарды 
(мұртшаларды), пальпаларды, көздерін нервтендірсе, құрсақ бөліміндегі 
әрбір ганглиялар өз сегментіне сай келетін мүшелерді нервтендіреді.


Еркін тіршілік ететін түрлеріңце


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет