(вегетативті) бластомерлерді жасайды. Сонда төрт микромерлі және төрт
макромерлі квартет түзіледі - la,
IB
, Ic, Id, 1A, IB, 1C, ID (93-сурет).
93-сурет.
Ұрықтанған жұмыртқаның (зиготаның) спиральды бөлшектенуінің схемасы: A -
төрт бластомер сатысынан сегіз бластомер сатысына өтуі; Б - сегіз бластомер сатысы; В -
сегіз бластомер сатысынан он алты бластомер сатысына өтуі; Г - он алты бластомер
сатысы
Бластомерлердің азырақ (45°) ылдилау бағытында бөлшектенуінің
нәтижесінде микромерлер макромерлердің дәл үстіңгі жағына шықпай, сәл
қисықтау орналасып макромерлердің аралығына орнығады. Мысалы, 1а
микромер 1А, IB макромерлердің шекарасында орналасқан (93-сурет). Келесі
бөлшектенулерде микромерлер оң және сол жаққа бұрылады. Осындай
бөлшектенуді спиральды деп атайды.
Әрбір бластомердің дамуы алғашқы кезеңінде-ақ айқындалады.
Мысалы, алғашқы үш квартеттің микромерлері (la,
IB
, Ic, Id; 2а, 2в, 2с, 2d; За,
Зв, Зс, 3d) личинканың эктодермасын қалыптастырады, 4d - целомдық
мезодерманы, ал қалғандары - энтодерманы (4а, 4в, 4с; 1А, IB, 1C, ID; 2A, 2В,
2С, 2D; ЗА, ЗВ, ЗС, 3D; 4А, 4В, 4С, 4D). Бұл детерминативті даму.
Бөлшектену кезеңінің нәтижесінде - шар тәрізді ұрық бластула пайда
болады. Осыдан екі қабатты ұрық гаструла қалыптасады да, ол дамып
полихеттерге тән личинка трохофораға айналады.
Трохофораның денесі шар, эллипс немесе алмұрт тәрізді (94-сурет).
Трохофораның анимальды (жоғарғы) полюсіндегі төбелік тақтаның үстінде
ұзын кірпікшелерден тұратын айдары (сүлтан), ал экваторлық, полюсінде екі
қатар кірпікшелі белдеушелері бар: біреуі ауыз үсті немесе прототрох,
екіншісі - ауыз асты - метатрох. Осы белдеушелері трохофораны екі жартыға
бөледі - эписфера (үстінгі) және гипосфера (төменгі). Екеуінің арасында
құрсақ жағында ауыз тесігі орналасқан, ол эктодермальды алдыңғы, қап
тәрізді энтодермальды ортаңғы және қысқа эктодермальды артқы ішекке
жалғасып, денесінің төменгі жағында аналь тесігімен аяқталады. Ішектің
жанында протонефридиялары орналасқан, ал ішек пен терінің арасында -
бірінші қуыс. Артқы ішектің екі жанында мезодермалық жолақтардың негізін
құрайтын, 4d микромердің ұрпағынан түзілетін екі ірі мезодерма клеткалары
немесе алғашқы телобласт (мезобласт) клеткалары орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: