Губкаларда бәрі керісінше. Олардың личинкасы - паренхимула субстратқа
бекінгесін оның сыртқы ұсақ талшықты клеткалары ішіне қарай енеді де,
іштегі ірі клеткалары
сыртқа шығады, осыдан кейін личинка ересек губкаға
айналады. Осы өзгерістер В. Н. Беклемишевтің (1964) пікірі бойынша,
олардың личинкасының және ересек түрінің тіршілік ету жағдайларына
байланысты. Личинка суда еркін жүзіп жүрген
жағдайда ұсақ талшықты
клеткалары қозғалу, яғни кинетикалық қызметін атқарады, ал ересек түрі
субстратка бекініп жылжымай тіршілік еткен жағдайда ұсақ талшықты
клеткалары денесінің ішіне өтіп, еңді суды сүзу және сумен бірге келген ұсақ
қорек заттарды ұстап, қоректену қызметін атқарады. Губкалардың осы
ерекшеліктері бекініп тіршілік етуіне байланысты пайда болған бейімділік
болуы керек.
Көп ғалымдардың пікірлері бойынша, губкалар төменгі сатыдағы көп
клеткалы жануарлардың орта тегінен өте ертеде бөлініп шығып,
басқаша
бағытта эволюциялық өзгерістерге ұшыраған болуы мүмкін деп
жорамалдайды. Осы соңғы болжамды дұрыс деуге болады, себебі
губкалардың,
паренхимула личинкасы
құрылысы жағынан
ішекқуыстылардың плануласына ұқсас келеді. Бұл белгі губкалардың және
ішеккуыстылардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: